А.Аджаллауианның айтуынша, «сатылатын мұнай көлемі барған сайын арта түсуде. Қазір Қазақстаннан Иранға күн сайын 200 мың баррель мұнай жіберілуде».
Екі мемлекеттің басшылығы да өзара жіберілетін мұнай көлемін арттыра түсуден мүдделі, деді Ахмад Аджаллауиан. Елшінің айтуынша, «2005-жылы біз бұл көлемнің одан бетер артуына куәгер боламыз». «Ол үшін қандайбір келіссөздер жүргізу қажеттігі туындауы ықтимал, Иран жағы мұндай келіссөзге дайын».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Иран мен Қазақстан арасындағы мұнай айырбасы 2002-жылдың қаңтар айында басталған.
Мұнай экспорттаушы-елдер ұйымы -ОПЕК-тің мүшесі болып табылатын Иран жылына 3,5 млн. баррель мұнай өндіреді. Оның 1 млн. баррелін Иран Ислам Республикасы ішкі тұтынымға жұмсаса, 2,5 млн. баррелі экспортқа шығарылады.