2005-жылы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі келесі халық санағына дайындық жұмыстарына кіріседі - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі келесі халық санағына дайындық жұмыстарына кіріседі

2005-жылы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі келесі халық санағына дайындық жұмыстарына кіріседі

2005-жылы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі келесі халық санағына дайындық жұмыстарына кіріседі. Ал кезекті халық санағы 2009-жылы өткізіледі деп күтілуде. Бұл туралы бүгін, 15-маусымда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің төрағасы Қали Әбдиев журналистерді құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Маусым 2004
  • 509
Фото - Caravan.kz

Халық санағы БҰҰ ережесіне сәйкес өткізіледі. Онда атап көрсетілгеніндей, республика тұрғындары туралы мәліметтерді нақтылау үшін осындай шаралар әрбір 10 жыл сайын өткізіліп тұруы тиіс. Тәжірибе жүзіндегі халық санағы 2007-жылы өткізілмекші.

Қ.Әбдиевтің хабарлауынша, республикамыз халықтың электронды регистрін құра алған жағдайда тұрғындар санағына деген сұраныс азаяды. Алайда, мұндай ауқымды жобаның жуық арада жүзеге асырылу мүмкіндігі төмен. Ол үшін қыруар қаржы мен ҚР статистика жөніндегі Агенттігі, ҚР ІІМ мен әділет министрлігі тарапынан үйлестіру қажет.
Қазіргі таңда үкіметті ақпараттандыру шарасы аясында еліміздегі жеке тұлғалардың дерекқоры құрылуда. Ол халықтың электронды регистрін құрудың алғашқы кезеңі боп саналады. Дерекқордың тәжірибелік жобасы 2005-жылы Қарағанды, Ақмола және Алматы облыстарында іске қосылады.