2005-жылы "Укртранснефть" ААҚ Одесса-Броды құбыр жүйесімен жылына 3 млн. тонна Каспий мұнайын тасымалдауды жоспарлап отыр
Гданьск қаласындағы мұнай өңдеу зауытының қожайыны болып табылатын Польшаның Lotos компаниясы "Укртранснефть" ААҚ-мен екі арадағы ниет хаттамасына қол қойып , 2005-жылы Одесса-Броды құбыр жүйесімен жылына 3 млн. тонна Каспий мұнайын тасымалдауды жоспарлады. Бұл туралы "Укртранснефть" ААҚ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады. |
"Укртранснефть" ААҚ Одесса-Броды құбыр жүйесі Польшаның Плоцк қаласына дейін жалғастырып салынғаннан кейін барып Каспий мұнайын тасымалдай бастамақ. Ал Плоцк қаласы мен Гданьск арасында мұнай құбыры қазір де бар.
Одесса-Броды құбыр жүйесінің жалпы ұзындығы 674 шақырымды құрайды. 2001-жылдың соңында салынған Одесса-Броды құбыр жүйесінің бірінші кезегі мен "Южный" терминалының жалпы қуаты жылына 9 млн. тоннаны құрайды. Ал мұнай құбыры мен терминалдың қуаты жүйе ұзартылғаннан кейін 45 млн. тоннаға жетеді деп күтілуде.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін