2005-жылы "Укртранснефть" ААҚ Одесса-Броды құбыр жүйесімен жылына 3 млн. тонна Каспий мұнайын тасымалдауды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы "Укртранснефть" ААҚ Одесса-Броды құбыр жүйесімен жылына 3 млн. тонна Каспий мұнайын тасымалдауды жоспарлап отыр

2005-жылы "Укртранснефть" ААҚ Одесса-Броды құбыр жүйесімен жылына 3 млн. тонна Каспий мұнайын тасымалдауды жоспарлап отыр

Гданьск қаласындағы мұнай өңдеу зауытының қожайыны болып табылатын Польшаның Lotos компаниясы "Укртранснефть" ААҚ-мен екі арадағы ниет хаттамасына қол қойып , 2005-жылы Одесса-Броды құбыр жүйесімен жылына 3 млн. тонна Каспий мұнайын тасымалдауды жоспарлады. Бұл туралы "Укртранснефть" ААҚ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 1 Шiлде 2003
  • 432
Фото - Caravan.kz

«Укртранснефть» ААҚ Одесса-Броды құбыр жүйесі Польшаның Плоцк қаласына дейін жалғастырып салынғаннан кейін барып Каспий мұнайын тасымалдай бастамақ. Ал Плоцк қаласы мен Гданьск арасында мұнай құбыры қазір де бар.

Одесса-Броды құбыр жүйесінің жалпы ұзындығы 674 шақырымды құрайды. 2001-жылдың соңында салынған Одесса-Броды құбыр жүйесінің бірінші кезегі мен «Южный» терминалының жалпы қуаты жылына 9 млн. тоннаны құрайды. Ал мұнай құбыры мен терминалдың қуаты жүйе ұзартылғаннан кейін 45 млн. тоннаға жетеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар