2006 жылдың 9 айында ҚР мемлекеттік қарызы 843,8 млрд. теңге болды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006 жылдың 9 айында ҚР мемлекеттік қарызы 843,8 млрд. теңге болды

2006 жылдың 9 айында ҚР мемлекеттік қарызы 843,8 млрд. теңге болды

АСТАНА. 14 қараша . Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылдың 9 айында Қазақстанның мемлекеттік қарызы 843,8 млрд. теңге болды. Бұл жөнінде бүгін үкімет отырысында қаржы министрі Наталья Коржова мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 14 Қараша 2006
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Бұл көрсеткіш 2006 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда үкіметтің және Ұлттық банктің ішкі қарыздарына байланысты 138,8 млрд. теңгеге өскен»,-деді Н.Коржова. Оның ақпараты бойынша, үкіметтің қарызы 593,1 млрд. теңге , бұл жыл басындағы көрсеткіштен 57,6 млрд. теңгеге артық. «Солай болса да, Жалпы ішкі өнімге шаққанда үкіметтің қарызы төмендеген, бұл біздің ойымызша Қазақстан экспортына бағаның жоғары болуынан»,-деп атап өтті қаржы министрі.

Н. Коржованың мәліметінше, «Қазақстан ІЖӨ қатысты мемлекеттік қарыз бойынша-10% төмен әлемдегі бірден бір ел. Бұл көрсеткіш орташа алғанда ЕО елдерінде шамамен 50% құрайды. «Мемлекеттің кепілдік берген қарызы 80,3 млрд. теңгені құрады, бұл жыл басындағы көрсеткіштен 1 млрд. теңгеге көп»,-деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта