2006 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады

2006 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады

АСТАНА. 3-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,9% құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

  • 3 Қаңтар 2007
  • 432
Фото - Caravan.kz

Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқаның бағасы 6,6%-ға, жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасы — 6%-ға өсті. Сүт өнімдерінің бағасы 2,6%-ға өсті (жаңа сауылған сүт — 4,3%-ға, ашыған сүт өнімдері -2,1%-ға , ірімшік мен сүзбе — 1,4%-ға, сары май — 1%- ға). Балык бағасының өсімі — 1%, ет және ет өнімдерінің бағасының өсімі — 0,5%, нан мен жарма өнімдерінің бағасының өсімі 0,4% құрады. Қант бағасының деңгейі 1%-ға төмендеді.

Азық-түлік емес тауарлар тобында киім және аяқкиімнің бағасы 0,9%-ға, жеке гигиена тауарларынің бағасы 0,5%-ға, кітаптар мен газеттердің бағасы — 0,4%-ға өсті. Құрылыс материалдарының және үй тұрмысында пайдаланылатын заттар бағасының өсімі — 0,3%-дан және аудиовизуалдық жабдық бағасының өсімі 0,1%-дан құрады. Көмір мен дизель отыны бағасының деңгейі 1,5%-дан өсті. Бензин 2,2%-ға арзандады.

Ақылы қызметтер саласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасы 1%-ға, ал электрэнергияның бағасы 2,6%-ға өсті. Орталықтан жылыту жүйесі, газ және ыстық сумен жабдықтау тарифтері 0,7-0,9%-ға өсті. Жолаушылар көлігінде жол жүру ақысы және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметтері — 0,7%-дан, білім беру және мәдениет қызметтері 0,2%-дан қымбаттады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта