2006 жылғы маусымда ақша массасы 2 704,1 млрд. теңгеге дейін 7,6% ұлғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006 жылғы маусымда ақша массасы 2 704,1 млрд. теңгеге дейін 7,6% ұлғайды

2006 жылғы маусымда ақша массасы 2 704,1 млрд. теңгеге дейін 7,6% ұлғайды

АЛМАТЫ. 16-тамыз. Kazakhstan Today. 2006 жылғы маусымда ақша массасы 2 704,1 млрд. теңгеге дейін 7,6% ұлғайды. Ақша массасының өсуіне банк жүйесінің таза ішкі активтерінің 15,7% ұлғаюы мүмкіндік жасады, ал таза сыртқы активтер 30,4% қысқарды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов бүгін еліміздің қаржы нарығындағы ахуалға арналған баспасөз мәслихатында құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 16 Тамыз 2006
  • 722
Фото - Caravan.kz



Ұлттық Банктің таза сыртқы және ішкі активтерінің өсуі 2006 жылғы шілдеде ақша базасының 1 162,9 млрд. теңгеге дейін 9,8% ұлғаюына негіз болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есепке алмағандағы ақша базасы 1 060,0 млрд. теңгеге дейін 26,2% ұлғайды.

Айналыстағы қолма-қол ақша маусымда 550,0 млрд. теңгеге дейін 9,3%, ал банк жүйесіндегі депозиттер 2 154,0 млрд. теңгеге дейін 7,1% ұлғайды. Айналыстағы қолма-қол ақшаның өсу қарқынының асып кетуі депозиттермен салыстырғанда маусымда депозиттердің ақша массасының құрылымындағы үлесінің 80,0%-дан 79,7%-ға төмендеуіне негіз болды.

Ақша массасының өсу қарқынының асып кетуі ақша базасының ұлғаю қарқынымен салыстырғанда маусымда ақша мультипликаторының 2,41-ден 2,55-ке ұлғаюына негіз болды.

Перейти к новостям спорта