«Қара базарға қатысты мәліметтерді келтірсек, тек қолға түсірілген героин бағасының өзі 5,5 млрд теңге. Тұтынушылар бір пайдаланатын 8 млн дозадан қағылып отыр»,-деді ол.
Оның келтірген мәліметтерінше, өткен жылы 10 500 есірткіге қатысты қылмыс анықталған, 4,5 мың есірткі сатушы қолға түскен. Қазақстан арқылы есірткі заттар алып өтпек болған 437 оқиға тіркелген.
«Қазақстандағы есірткіге қатысты жағдай өте күрделі күйде қалып отыр»,-деді А.Выборов. Оның деректерінше бүгінгі таңда елімізде есірткі пайдаланатын 54 мың адам тіркеуде тұр. Олардың 4,5 мыңы жасөспірімдер, ал 5 мыңға жуығы әйелдер. Бұлардың шамамен тең жартысы ие арқылы есірткі қолданушылар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті