2006 жылы Қырғызстандағы экономикалық өсім 8%-ке жетуі мүмкін - Бакиев - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006 жылы Қырғызстандағы экономикалық өсім  8%-ке жетуі мүмкін - Бакиев

2006 жылы Қырғызстандағы экономикалық өсім 8%-ке жетуі мүмкін - Бакиев

2006 жылы Қырғызстандағы экономикалық өсім 8%-ке жетуі мүмкін. Бұл туралы бүгін, 23 қарашада үкімет отырысында сөз сөйлеген Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев мәлімдеді, - деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қараша 2005
  • 526
Фото - Caravan.kz

Қырғызстан президентінің айтуынша, бұл болжам былтырғы және 2005 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық ағымдарды талдау негізінде жасалған. Сонымен бірге, президенттің айтуынша, «кейбір экономикалық даму бағыттарында өз ресурстарымыздың әлеуеті жартылай ғана пайдаланылуда».

Қ. Бакиевтің пікірінше, экономикалық өсім энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, алтын өндіру, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу, тігін және тоқыма өндірісі салаларының есебінен қамтамасыз етіледі.
Макроэкономикалық тұрақтылық «жеке инвестицияларды ынталандыру мен тұрақты экономикалық өсімнің аса маңызды алғышарты» болып табылады, деп атап өтті Қырғызстан президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта