2006-жылдан бастап елімізде қоршаған ортаны ластауға байланысты төлемдер мөлшері ұлғайтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылдан бастап елімізде қоршаған ортаны ластауға байланысты төлемдер мөлшері ұлғайтылады

2006-жылдан бастап елімізде қоршаған ортаны ластауға байланысты төлемдер мөлшері ұлғайтылады

2006-жылдан бастап елімізде қоршаған ортаны ластауға байланысты төлемдер мөлшері ұлғайтылады. Бұл туралы бүгін, 19-қыркүйекте парламентте өткен үкіметтік сағат барысында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2005
  • 708
Фото - Caravan.kz



«Биыл біз алғаш рет төлемдер мөлшерін өз бетімізбен белгіледік. Әділет министрлігі оны бекітті. 2006-жылдан бастап республиканың барлық аймақтарында біртұтас төлем ставкасы қолданысқа енгізілетін болады»,- деді А.Самақова. Оның айтуынша, төлемдер мөлшері аймақтардағы кәсіпорындардың жұмыс сипатына қарай белгіленді.
«Төлемдер мөлшері бірнеше есе арттырылды»,- деді министр. «Төлем мөлшері әрбір жекелеген кәсіпорынның қоршаған ортаны ластау мөлшеріне сәйкес болуын қалаймыз»,- деді А.Самақова. Оның пікірінше, төлемдер мөлшерінің ұлғайтылуы кәсіпорындар үшін қоршаған ортаны ластау тиімсіз болатындай жағдай жасап береді.
Қазіргі күні төлемдер ставкасын облыс әкімдерінің таныстыруымен мәслихаттарда бекітіледі және олар айрықша мардымсыз болумен бірге әрбір өңірде әртүрлі болып келеді, деді министр. «Мәселен, Қарағанды облысында төлемдер тым мардымсыз. «Миттал Стил Теміртау»АҚ оны тіпті күн сайын төлей алады. Ал Атырау облысында төлемдер мөлшері төтенше жоғары болуға байланысты бір жылда жергілікті бюджетке 4,5 -5 млрд. теңге түседі»,- деді ол.
А.Самақованың айтуынша, төлемдер мөлшерінің көбейтілуіне бірқатар ірі компаниялар наразылық білдіріп үлгерген. Олар мұны «заңсыз әрі дұрыс емес деп отыр», деді министр. «Дейтұрғанмен, менің пайымдауынша, бұдан өзге жол жоқ. Бұл — заңсыз қадамға жатпайды және қазіргі жағдайда дұрыс»,- деді министр.
Сонымен бірге А.Самақованың пікірінше, кәсіпорындардан қоршаған ортаны ластағаны үшін бюджетке жиналатын төлемдерді бір құрылымда ғана шоғырландырып, оларды экологиялық тауқыметтердің шешіміне ғана жұмсау мүмкіндігі бар. Ол үшін Қазақстан даму банкінің аясында арнаулы құрылым ашуға болады. «Қоршаған ортаны ластауға байланысты барлық төлемдерді шоғырландыратын департамент құрып, ондағы қаржыны үкіметтің шешімімен белгілі бір бағдарламаларға жұмсауға болар еді»,- деді министр.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта