Қаржы министрлігі ұсынған деерктерге сәйкес, толықтай алғанда республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің орындалуы 1 қазанда — 96,6 пайызды құраған.
Кеңесте әкімшілік тарапынан айтылғандай, игерілмеген ең үлкен қаражат көлеміне жол бергендер қатарында денсаулық сақтау, қаржы, білім және ғылым министрліктері аталды. Қаржы жоспарының игерілмеуіне бюджеттік бағдарламаның тиімсіз басқарылуы, оны іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдердің өз мерзімінде қабылданбауы себеп болған. Алайда, министрліктер мен ведомстволар өкілдері үкімет басшысын биылғы жылдың соңына дейін қаржыны игермеу мәселесі шешімін табатынына сендірді.
Бюджеттік бағдармалар әкімшілігі жетекшілерінің естептерін тыңдаған соң, үкімет басшысы қарашаның аяғындағы кезекті кеңесте бюджеттік қаржыны игеру туралы естептерін тыңдауға тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті