«Есепті мерзімде мемлекеттің берешегі 937 млрд. теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2006-жылдың 1-қаңтарымен салыстырғанда ҚР Ұлттық банкінің берешегінің артуы есебінен 231 млрд. теңгеге өсті»,- деп хабарлайды ол.
Н.Коржованың пікірінше, жалпы алғанда Жалпы ішкі өнімге проценттік тұрғыда шаққанда үкіметтің берешегі азая түсуде. «Біздіңше, бұл ағым Қазақстаннан экспортталатын тауарлар бағасының жоғары болуына байланысты қалыптасқан оң ағым»,- деді ол.
Министрдің мәліметіне сәйкес, мемлекет тарапынан кепілдік берілген қарыз 74 млрд. теңгеге тең.
«Жарты жылда валюта бағамдарының өзгерісіне байланысты бұл көрсеткіш 5 млрд. теңгеге азайды»,- деді министр.