Есепті жылы экспорт айналымы 58,1%-ке артып, $5 млрд 487,1 млн-ға жетті, ал 2005-жылы ол $3 млрд 469,7 млн. құраған.
Облыстың экспортында шикізат дендейді. Басты экспорттық өнімдерге минералдық отын, мұнай және оны айдау өнімдері; битумды заттар, минералдық балауыз жатады. Бұлардың үлесі $5 млрд 199,3 млн (2005-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 94,7%) тең.
Маңғыстау өңірінен экспортталатын өнімдердің негізгі ағыны алыс шетелдерге, атап айтсақ, Швейцарияға — $2,8 млрд, бұл 2005-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 61,5%-ке артық; Италияға — $1,09 млрд (өсім38,6%); Иранға — $798,7 млн (өсім — 118,5%); Ұлыбританияға — $182,4 млн (өсім — 332,9%) және басқа да елдерге бағытталды. ТМД елдерінен экспорттың басым бөлігі Әзербайжанға — $112,9 млн және Ресейге — $76,7 млн жіберілді.
Импорт айналымы $1,8 млрд болып, өсім $316,5 млн құрады, немесе 2005-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 21,9% жоғары.
Импорт құрылымы негізінен мұнай операцияларына арналған тауарлардан құралады. Жалпы импорт көлемінде олардың үлесі 82,7% құрайды.
Негізгі импорттаушы елдердің арасында ең жоғары үлес салмақ ТМД елдеріне тиесілі : Ресей — 30,1%, Әзербайжан — 11%; алыс шетелдерден АҚШ — 6,1%, Ұлыбритания — 5,7%, Қытай — 5,4%, Германия — 5,1%, Италия — 4,3%, Біріккен Араб Әмірліктері — 3,4%.
Есепті жылы 2005-жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда импорт көлемі мынадай елдермен арада азайды: Ираннан әкелінетін импорт көлемі 21,9%-ке, АҚШ импорты 70,9%-ке, Түркияның импорты 32,1%-ке, Францияныкі 10,5%-ке кеміді.
Сыртқы сауда айналымының біршама өсімі негізінен экспорт есебінен (47,5%-ке) қалыптасты. Қаңтар-желтоқсан айларында мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы тұрақты өсіп отырды. Соңғы мәліметке сәйкес, мұнай баррелінің бағасы орта есеппен $57,9 деңгейінде тіркелді. 2005-жылдың осы мерзімінде бір баррель мұнайдың орташа құны $49,7 болған. Санмен көрсеткенде өсім мынадай болды: 2006-жылдың 12 айында 12,3 млн тонна мұнай экспортталды, 2005-жылдың тиісті мерзімінде бұл көрсеткіш 11,2 млн тоннаны құраған, өсім 1 млн тоннадан асты, немесе 9,4%-ке өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті