2006-жылдың соңына дейін үкімет 125 ауылдың тұрғындарын қолайлы жерлерге көшірмек ниетте - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылдың соңына дейін үкімет 125 ауылдың тұрғындарын қолайлы жерлерге көшірмек ниетте

2006-жылдың соңына дейін үкімет 125 ауылдың тұрғындарын қолайлы жерлерге көшірмек ниетте

2006-жылдың соңына дейін еліміз үкіметі ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында 125 ауылдың тұрғындарын қолайлы аудандар мен жағдайы жақсы елді мекендерге көшірмек ниетте. Бұл туралы бүгін, 29-қазанда Алматыда өткен "Ауылдық аумақтарды және аграрлық рынокты дамытудың әлеуметтік-экономикалық проблемалары" деген тақырыптағы ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөйлеген сөзінде ҚР ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Лилия Мусина хабарлады.

  • 30 Қазан 2003
  • 512
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР ауылшаруашылығы министрі өткізген ауылдық елді мекендерді төлқұжаттандыру шарасының нәтижесінде барлығы 7,2 млн. адам тұратын 7,6 мың ауылдар, ауылдық поселкелер, ауылдық бекеттер мен басқа да ауылдық елді мекендер (АЕМ) анықталған. Топырақ жағдайы, күн райының ахуалы, жолдар мен ирригациялық жүйелердің, әлеуметтік инфрақұрылымның бар-жоқтығы тәрізді мүмкіндіктеріне байланысты экономикалық және әлеуметтік әлеуетіне қарай АЕМ-дер 4 категорияға бөлінген.

1,56 млн. адам тұратын 1062 ауыл жоғарғы потенциалды елді мекендерге, 5,33 млн. адам тұратын 5664 АЕМ орташа әлеуетті, 228 мың адам тұратын 776 АЕМ төмен потенциалды елді мекенге саналды. Ал 9,6 мың адам тұратын 22 елді мекен адамдар тұруға төтенше қолайсыз дап танылды.
Бағдарламада 1 және 2-категориялы ауылдарды дамытуға айрықша назар аударылған. Атап айтсақ, ол жерлерде қолда бар ресурсты пайдалануға ынталандыру, ауыл тұрғындары үшін қосымша кіріс көздерін іздестіру, әлеуметтік инфрақұрылымға инвестиция салу және оны нормативтік деңгейге дейін жеткізуге бағытталған бағдарламалар жобасы жасалуда. Ал үшінші категориялы АЕМ-де шектеулі даму шаралары қолданылып, жергілікті тұрғындарды қолайлы елді мекендерге қоныс аударуға ынталандыруға бағытталған бағдарламалар жасалады. Ал 4-категориялы елді мекендердің тұрғындары түгелдей басқа жаққа көшіріледі.
Елімізде экологиялық ахуалы қолайсыз деп танылған 4 негізгі аймақ бар. Каспий төңірегіндегі, Балхаш маңындағы, Арал аймағындағы және бұрынғы Семей сынақ полигоны аймағындағы бұл аудандардың тұрғындары миграцияға ұшырайды деп күтілуде. Бұл аудандарда топырақтың тұзданып деградациялануы, және оның улануы, шөлейттену және су тапшылығы тауқыметтері өршіп барады.

Соңғы жаңалықтар