2006-жылға арналған бюджете тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға бөлінетін қаржы көлемі 4 есе өсірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылға арналған бюджете тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға бөлінетін  қаржы көлемі  4 есе өсірілді

2006-жылға арналған бюджете тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға бөлінетін қаржы көлемі 4 есе өсірілді

3-қазанда өткен үкіметтің отырысында 2001-2010-жылдарға арналған тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі қаралды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 4 Қазан 2005
  • 412
Фото - Caravan.kz



Қаржыландыру мәселесіне тоқталған үкімет басшысы Даниал Ахметов республикалық бюджеттік комиссия тарапынан 2006-жылы бағдарламаны жүзеге асыруға бөлінген қаржы алға қойған мақсаттарды еңсеруге мүлдем жетпейді деп атап өтті. Сол себепті үкімет басшысы комиссияның бағалауынша 133 млрд. теңгені құрайды деген қаржыландыру көлемін біршама арттыру қажеттігін айтты. Сөйтіп, аталмыш мақсатқа қосымша 405 млн. теңге бөлуге шешім қабылданды. Жалпы алғанда 2006-жылы мемлекеттік тіл бағдарламасын жүзеге асыруға 538 млн. теңге бөлу межеленді. Бұл бастапқы жоспардан 4 есе артық, деді үкімет басшысы.
Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың басты бағыттарына қатысты қыруар іс тындырылды, деді Д.Ахметов. «Алайда, мемлекеттік тілді одан әрі дамыту үшін нақты әрі белсенді қадамдар жасап, тіл саласындағы реформаларды нақты мазмұнмен байыту керек».
Атап айтсақ, Д.Ахметовтың пікірінше, орта мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту сағаты біршама көбейтілуге тиіс. Осыған байланысты үкімет басшысы білім және ғылым министрлігіне аталмыш пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын қайтадан қарау жөнінде ұсыныстар дайындауды тапсырды.
Үкімет басшысының пікірінше, қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесін жетілдіру қажет. Бұл ретте АҚШ-тың TOEFL (Тоэфл), Ұлыбританияның IELTS (Айэлтс) Германияның KNUDS (Кнутс) жүйелері бағдар ретінде аталды. ҚР білім және ғылым, сондай-ақ, мәдениет, ақпарат және спорт министрліктеріне аталмыш мәселені зерделеп, үкіметке қазақ тілі білімін бағалауға арналған осы тектес жүйе құруға бағытталған ұсыныс енгізу жүктелді.
Мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымының толыққанды жұмыс істеуі үшін қазақ тілін жеделдетіп оқыту жөніндегі республикалық орталықты нығайтып, терминологиялық база мен оқыту әдістемелері бойынша оның аймақтардағы құрылымдармен арадағы жұмысын үйлестіру керек, деді Д.Ахметов.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта