«Бұл қаржы метро құрылысын салуға арналған 18 млрд. теңгенің аясына қамтылады»,- деді келісім комиссиясының төрағасы Мүсірәлі Өтебаев. Оның айтуынша, нысандарды салу мерзімі мен жалпы құны өзгермейді, тек «әрбір жылға шаққандағы қаржыландыру көлемі қайта қаралды».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 7-қарашада Алматыдағы метро құрылысын аралап көру барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев метроның алғашқы тармағын 2006-2007-жылдары пайдалануға беруге тапсырма берген болатын.
Н.Назарбаевтың хабарлауынша, «метро құрылысын салу үшін биыл 5,5 млрд. теңге, ал жалпы алғанда 30 млрд. теңге игеріледі». «Қалған 70 млрд. теңге алдағы үш жылда бөлінеді»,- деді президент.
Қазақстан Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі орта мерзімді бағдарламаға сәйкес, республикалық бюджеттен метро құрылысын салуға 2006 және 2007-жылдарда 18 млрд. теңгеден, ал 2008-жылы 36 млрд. теңге бөлінеді.
Сонымен бірге парламент палаталарының бүгінгі бірлескен отырысының барысында келісім комиссиясының шешімімен Алматыдағы денсаулық сақтау және білім беру нысандарын сейсмологиялық нығайтуға 2 млрд. теңге бөлінді.
Бұған дейін бұл мақсатқа 1,5 млрд. теңге бһлу межеленген болатын.