2006-жылғы бюджет Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылғы бюджет Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған  - үкімет басшысы

2006-жылғы бюджет Қазақстан экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған - үкімет басшысы

"2006-жылға арналған республикалық бюджетті қабылдау арқылы экономикамыз қарқындап өсуге қажетті жаңа бір қаржылық негізге ие болды". Бүгін, 9-қарашада парламент палаталарының бірлескен отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Қараша 2005
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Бюджеттің басты идеологиясы экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру сынды стратегиялық міндетті шешуге жұмыла күш жұмсауға бағытталады»,- деді Д.Ахметов.

Үкімет басшысы парламентке бюджет жобасымен жұмыс істеудегі кәсіпқойлығы мен конструктивті көзқарасы үшін ризашылығын білдірді. Д.Ахметов бұл істе парламент пен үкіметтің жоғары деңгейде ықпалдастыққа қол жеткізгенін атап өтті.
Д.Ахметовтың пікірінше, 2006-жылғы бюджет «президенттің жолдауында айтылған барлық проблемаларды қамтып, мемлекет басшысының тапсырмасын толық орындау мүмкіндігін қамтамасыз етеді».

Перейти к новостям спорта