2006-жылғы бюджеттің тапшылығы бұрынғыдай негізінен ішкі несиелердің есебінен толықтырылады -Келімбетов - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылғы бюджеттің тапшылығы бұрынғыдай негізінен ішкі несиелердің есебінен  толықтырылады -Келімбетов

2006-жылғы бюджеттің тапшылығы бұрынғыдай негізінен ішкі несиелердің есебінен толықтырылады -Келімбетов

2006-жылғы бюджеттің тапшылығы негізінен бұрынғыдай ішкі несиелердің есебінен, атап айтсақ, 90 проценті ішкі несиелердің, 10 проценті сыртқы несиелердің есебінен толықтырылады. Бұл туралы бүгін, 13-қыркүйекте журналистер сауалына жауап берген ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2005
  • 379
Фото - Caravan.kz



Министрдің айтуынша, ішкі несиелер бұрынғыдай Қаржы министрлігі тарапынан мемлекеттік құнды қағаздар шығару арқылы жинақталады. Қ.Келімбетовтың айтуынша, мемлекеттік құнды қағаздар эмиссиясы негізінен қор рыногындағы құралдардан тапшылық тартып отырған зейнетақы қорларына бағышталған.
«Ал сыртқы несиелерді тұтастай алғанда қысқарта түсуден мүдделіміз. Өйткені, біз бір жағынан өзіміз сыртқа қарыз берумен бірге , екінші жағынан, Ұлттық қордағы қаржыны сақтап отырмыз»,- деді экономика министрі. Оның айтуынша, бюджет тапшылығының межеленген мөлшері жоспарлы түрде 2005-жылғы 1,7 проценттен 2008-жылы 0,5 процентке дейін кеми түседі. «Басқаша айтқанда, біз кепілді мемлекеттік қарыз көлемін азайта түспекпіз»,- деді Қ.Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта