2006-жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 63,7 млрд. теңге бөлу жоспарланды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 63,7 млрд. теңге бөлу жоспарланды

2006-жылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 63,7 млрд. теңге бөлу жоспарланды

2006-жылы елімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға республикалық бюджеттен 63,7 млрд. теңге бөлу жоспарланды. Бұл туралы бүгін, 23-тамызда үкімет отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Тамыз 2005
  • 457
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, тұтастай алғанда 2006-жылы ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің жалпы шығындары 83,7 млрд. теңге көлемінде межеленді. Биылғы жылғымен салыстырғанда бұл министрліктің шығындары 3,1 млрд. теңгеге көбейтілді.

Су шаруашылығын дамытуға 14,5 млрд. теңге, орман және аң шаруашылығын дамытуға 4,8 млрд. теңге, балық шаруашылығын дамытуға 0,8 млрд. теңге қарастырылды.
Ауыл шаруашылығын институционалдық дамытуға 23,7 млрд. теңге көзделді.
Ауыл және су шаруашылықтарына субсидия бөлу арқылы мемлекеттік қолдауға 12,4 млрд. теңге бөлінбек. Бұл қаржының 9,9 млрд. теңгесі жергілікті бюджеттерге аударылады. Орман шаруашылығындағы шараларды қаржыландыруға бюджет жобасында 5,2 млрд. теңге көзделді. Сонымен бірге су қамтамасыздығы жүйелерін жаңалау және салуға 3,8 млрд. теңге қарастырылды.

Перейти к новостям спорта