«Бюджетіміз жеткілікті. Ол жауынгерлік дайындықты жетілдіруге, қару-жарақты жаңалау мен жөндеуге мүмкіндік береді»,- деді министр.
М.Алтынбаевтың айтуынша, 2006-жылғы бюджеттің 27 проценті қару-жарақ, техника және құрылыс сынды даму мақсаттарына жұмсалады. Бюджеттің басым бөлігі әскерилерді қаржыландыру мөлшерін арттыруға арналмақшы.
Еліміздің қос палаталы парламентінің тарихында алғаш рет үкімет сағаты парламент қабырғасында емес, ҚР қорғаныс министрлігінің десанттық-шабуыл тобының полигонында өтті. Депутаттар қару-жарақ түрлерімен және десант әскерлерінің жауынгерлік дайындығымен танысты.