2006-жылы республикалық бюджеттің дефицитін Жалпы Ішкі Өнімнің 0,5 процентіне дейін азайту көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылы республикалық бюджеттің дефицитін Жалпы Ішкі Өнімнің 0,5 процентіне дейін азайту көзделіп отыр

2006-жылы республикалық бюджеттің дефицитін Жалпы Ішкі Өнімнің 0,5 процентіне дейін азайту көзделіп отыр

2006-жылы республикалық бюджеттің дефицитін Жалпы Ішкі Өнімнің 0,5 проценті деңгейіне дейін азайту көзделіп отыр. Бұл туралы бүгін, 2-қазанда өткен мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

  • 2 Қазан 2003
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Мұнай сатудан түскен түсімдер көлемі ұлғая түскен қазіргі таңда дефицит көлемін жоғары деңгейде ұстау — тиімсіз, бұл — мемлекет берешегінің артуына апарып

соғады «,- деді ол. Министрдің айтуынша, мемлекеттік берешекті өтеуге бағытталған шығындар көлемінің артуы мемлекеттік шығындардың тепе-теңдігін бұзады. «Егер республикалық бюджет түсімдері азайса, мемлекет өз мойнына жүктеп алған міндеттемелерін орындаудан қалып, біз қарыз қақпанына түсеміз»,- деді Келімбетов. Министрдің айтуынша, дәл қазіргі таңда мемлекеттік қарызды арттырудың мәнісі жоқ.
2004-жылғы республикалық бюджет жобасында бюджет дефициті 92,7 млрд. теңге көлемінде, немесе Жалпы Ішкі өнімнің 1,9 проценті шамасында жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар