2006-жылы ТМД елдерінің аумағында ақша мен бағалы қағаздарды қолдан жасау саласында 7 мыңдай қылмыстың беті ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2006-жылы ТМД елдерінің аумағында ақша мен бағалы қағаздарды қолдан жасау саласында 7 мыңдай қылмыстың беті ашылды

2006-жылы ТМД елдерінің аумағында ақша мен бағалы қағаздарды қолдан жасау саласында 7 мыңдай қылмыстың беті ашылды

АЛМАТЫ. 22-қаңтар. Kazakhstan Today. 2006-жылы ТМД елдерінің ішкі істер органдары іске асырған кешенді шаралардың нәтижесінде Достастық аумағында ақша мен бағалы қағаздарды қолдан жасау саласында 7205 қылмыстың беті ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ТМД Атқару комитетінің ұйымдасқан қылмыспен күресті үйлестіру бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Қаңтар 2007
  • 491
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ТМД елдерінің ішкі істер органдары өткен жылы жалған ақша жасаумен шұғылданып келген 35 құпия шеберхананы әшкерелеп, 31 ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысына тосқауыл қойып, 2751 қылмыстық іс қозғап, 2947 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, шараларды ТМД елдерінің ішкі істер органдары «ТМД-ға қатысушы елдердің аумағында қылмыспен күреске бағытталған бірлескен шаралардың 2005-2007-жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасы» аясында жүзеге асырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта