2007 - 2009 - жылдарда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 7,5 - 8% құрайтын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-3 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 - 2009 - жылдарда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі  7,5 - 8% құрайтын болады

2007 - 2009 - жылдарда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 7,5 - 8% құрайтын болады

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. 2007 - 2009 - жылдарда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 7,5 - 8% құрайтын болады. . Бұл туралы үкіметтің 2007-2009-жылға арналған бағдарламасы туралы баяндамада айтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 9 Ақпан 2007
  • 458
Фото - Caravan.kz

«2007 — 2009 — жылдарда Жалпы ішкі өнімнің жылдық орташа нақты өсімі 7,5 — 8% құрайтын болады. Бұл 2000-жылға шаққанда 2008-жылы Жалпы ішкі өнімді екі есе арттыруға бағытталған стратегиялық мақсатты шешуге мүмкіндік береді», — делінген құжатта. 2009-жылы жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнімнің болжамдық деңгейі $8900 шамасында болмақ.

«Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жылдық орташа инфляция деңгейі 2007 — 2009-жылдарда 5 — 7% дәлізі аралығында сақталады», — делінген бағдарламада. Үкіметтің болжамына сәйкес, 2009-жылдың аяғында Қазақстан халқының саны 2,9%-ке өседі. Осы мерзімде экономикада жұмыспен қамтылғандардың саны 4%-ке артады.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру өсімінің жыл сайынғы қарқыны 8,2 — 8,8% деңгейінде, ауылшаруашылығы саласының жиынтық жалпы өнімдерінің өсімі жыл сайын шамамен 3% болмақ. Көлік қызметі орта есеппен жылына 6 — 6,7%-ке, байланыс қызметі 24%-ке, сауда саласындағы қызметтердің өсімі жыл сайын орта есеппен 9 — 9,2% болмақ. Үш жылда құрылыс салу жұмыстарының көлемі жылына 20 — 24% деңгейінде болады деп болжанған.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемінің өсім қарқыны жылына 14 — 15% болмақ.

Үкіметтің болжамына сәйкес, нақты жалақының жылдық орташа өсім қарқыны 2007 — 2009-жылдарда 9,2 — 9,6%, зейнетақы өсімі — 6,5 — 7% болмақ. 2009-жылы тұрғындардың орташа жасы 67,3-ке жетеді деп болжанған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті