Статистика жөніндегі агенттіктің ақпараттарына сүйенсек, өткен айда азық-түлік тауарының нарығында жеміс-жидектер мен көкеністер 5,2 пайызға, жұмыртқа — 5,1 пайызға, нан өнімдері мен астық өнімдерінің бағасы 1,9 пайызға өскен (нан — 3 пайызға, күріш — 2,5 пайызға). Сүт өнімдерінің бағасы 1,5 пайызға өсті (сүт — 2,3 пайызға, ашытқан сүт өнімдері — 1,3 пайызға, ірімшік пен сүзбе — 0,8 пайызға, малдың майы — 0,7 пайызға). Балық бағасының деңгейі 0,9 пайызға, ет және ет өнімдерінің бағасы — 0,8 пайызға көтерілсе, ал қанттың бағасы 0,4 пайызға төмендеген.
Киім және аяқ киімнің бағасы 0,7 пайызға, жеке бастың тазалығына қажетті тауарлар — 0,6 пайызға көтерілген. Баспа өнімдерінің бағасының көтерілуі 1,2 пайызға, құрылыс материалдары 0,8 пайызға жетіп отыр. Тас көмір бағасы 1,2 пайызға, дизель жанармайы — 1 пайызға, ал бензин бағасы 3,1 пайызға көтерілген.
Тұрғын үй — коммунальдық қызмет көрсетудің ақалы қызмет көрсету саласындағы бағалар 1,3 пайызға өскен. Қоқыс шығару — 10,5 пайыз, электр энергия тарифі — 2,9 пайызға, газбен қамтамасыз ету — 1,5 пайызға өсті. Орталық жылыту 0,7 пайызға өссе, сумен қамтамасыз ету — 0,6 пайызға төмендеген. Жолаушылардың қоғамдық көліктерде жүру жолақысы 1,9 пайызға, мәдениет саласы — 0,9 пайызға, білім бері 0,6 пайызға қымбаттаған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті