2007 жылғы шілдеге Ұлттық қорының шоттарындағы айырбасталуы тиіс ұлттық валютадағы қаржы 5,6 млрд. теңге болды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылғы шілдеге Ұлттық қорының шоттарындағы айырбасталуы тиіс ұлттық валютадағы қаржы  5,6 млрд. теңге болды

2007 жылғы шілдеге Ұлттық қорының шоттарындағы айырбасталуы тиіс ұлттық валютадағы қаржы 5,6 млрд. теңге болды

АЛМАТЫ. 4-шілде. Kazakhstan Today. 2007 жылғы шілдеге Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шоттарындағы айырбасталуы тиіс ұлттық валютадағы қаржы 5,6 млрд. теңге болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің басапасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Шiлде 2007
  • 408
Фото - Caravan.kz

Қордың активтерін конвертациялау және қайта конвертациялау ережесіне сәйкес Ұлттық банк 2007 жылғы шілде айы ішінде Қордың ақшасын одан әрі инвестициялау мақсатында осы соманы рұқсат етілген қаржы құралдарына айырбастауды жүзеге асырады. Айырбастау Ұлттық банктің алтынвалюта активтерінен шетел валютасын немесе шетел валютасындағы қаржы құралдарын Ұлттық банктің операция жүргізу күнгі ресми бағамы бойынша сату не шетел валютасын ішкі нарықта операциялар жүргізу сәтінде қалыптасқан бағам бойынша теңгемен сату арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте Қордың шотына теңгемен түскен түсімдер бір ай ішінде кепілдік берілген трансферттің бекітілген көлеміне сәйкес ағымдағы айдың соңында немесе келесі айдың басында жүзеге асырылатын кепілдік берілген трансферттер түріндегі Қордың шығыстары үшін жеткілікті сома жинақталғанға дейін айырбасталмайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті