«Бюджет жыл сайын 30% ұлғайып отырады. Бірақ, әрине бұл біздің қызметке ғана қатысты, мен мұнда «Қауіпсіз қала» бағдарламасына бөлінген 3 млрд. теңгені қосып отырғаным жоқ, 1,8 млрд теңге Алматы өзендеріне, экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне арналады»,-деді Б.Ысқақов. «Жалпы айтқанда, қала басшылығы мен мәслихат депутаттары тарапынан мәселеге қатысты түсіністік бар»,-деді ол.
Б.Ысқақовтың сөзіне қарағанда, «Қала қауіпсіздігі» бағдарламасы жуықта жүзеге асырылуы тиіс. «Қазір осы салада сараптама комиссиясы жұмыс істеуде, жобалық -сметалық құжатқа қаржы бөлінді»,-деп атап өтті ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті