2007 жылы Қазақстанның кәсіпкерлер форумы республикамыздағы темір жол тасымалының проблемаларына қатысты мониторинг жүргізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-2 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы Қазақстанның кәсіпкерлер форумы республикамыздағы темір жол тасымалының проблемаларына қатысты  мониторинг жүргізбек

2007 жылы Қазақстанның кәсіпкерлер форумы республикамыздағы темір жол тасымалының проблемаларына қатысты мониторинг жүргізбек

АСТАНА. 24-қаңтар. Kazakhstan Today. Үстіміздегі жылы Қазақстанның кәсіпкерлер форумы (ҚКФ) республикамыздағы темір жол тасымалының проблемалары жөнінде мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін 2006 жылғы форум қызметінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында ҚКФ-ның атқарушы директоры София Айсағалиева мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2007
  • 361
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар, С. Айсағалиева өткен жылы Қазақстанның кәсіпкерлер форумы республиканың транзиттік дәліздеріне мониторинг жүргізгендігін атап өтті. «Осы күнге дейін Қазақстан — Ресей федерациясының шекарасы, Қорғас — Бішкек, Қорғас — Ташкент арасындағы транзиттік автомобильдік көлік дәліздеріне мониторинг жүргізілген. Сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстанда көлік дәліздеріне мониторинг жүргізілді»,- деді ол.

Қазақстанның кәсіпкерлер форумының 2006 жылғы қызметін қорытындылаған есептегі зерттеудің нәтижелерінде көрсетілгендей,»көлік құралдарының шекарада бөгелетін жалпы уақытының 4 пайызы ғана тікелей кедендік рәсімдеуге кетеді. Ал қалған уақыт шекарадағы басқа қызметтердің іс-қызметіне байланысты»,- деп айтылған.

Сондай-ақ, «Қорғас — Бішкек дәлізіндегі көліктердің нақты жылдамдығы сағатына 16 шақырым болса, Қорғас — Ташкент дәлізінде сағатына 23 шақырымды құрап отыр». Ал, зерттеуге сәйкес Қазақстанның өз ішінде көліктер ең көп тексерілетін аралық — Қорғас — Алматы бағыты, бұл бөлікте жиі тексеруге шығатын көлік бақылауы көліктердің көп бөгелуіне себеп.

Мониторингіге жүргізушілерден сұхбат алу, бақылаушылардың көлік дәліздері арқылы жүріп өтуі, сыртқы экономикалық алыс-беріске қатысушылар мен кедендік брокерлерге сауалнама жүргізу, уақытша сақтау қоймасына мониторинг жүргізу қамтылған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта