С.Бекбосыновтың айтуынша, осындай жұмыстардың нәтижесінде 1400 ұйым жойылып, шығынға жазылатын жиналмай қалған салықтар мөлшері 22 млрд теңгеден аспақ.
Сонымен бірге 2007-жылы, С.Бекбосыновтың айтуынша, елімізде конкурстық және реабилитациялық басқарушылар мен сыртқы бақылаушы администраторларды тағайындаудағы ашықтықты арттыру, жетекші оқу орындарын оқытуға тарту арқылы антикризистік басқарушылардың кәсіби біліктілігін көтеру жұмыстары жалғасады.
«Әкімшілік реформалардың аясында құзырлы органның функцияларын оңтайландыру (конкурстық өндіріс мерзімін ұзарту; конкурстық және реабилитациялық басқарушының іс-әрекеттеріне қатысты шағымдарды қарау; конкурстық басқарушы мен кредиторлар комитеті арасындағы келісімдердің жобасын келісу функцияларын алу) көзделген»,- деді ол.
«Орталық мемлекеттік мекемелер, олардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы билік органдарының бір-бірінің функциясын қайталауына жол бермеу жөніндегі президенттің тапсырмасын орындау үшін біртұтас уәкілетті органды айқындау қажет деп санаймыз. Ол — ауылшаруашылық ұйымдарды банкроттау процедурасын жүзеге асыруды қадағалау комитеті болмақ»,- деп мәлімдеді С.Бекбосынов.
«Аталған мәселелердің бәрі банкроттық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заңның жобасын жасау барысында дәйектеледі»,- деді ол.
Оның айтуынша, заң жобасының мақсаты — төлемдік қабілеті жоқ ұйымдарға қаржылық-экономикалық сауықтыру шараларын қолдануға қатысты көзқарасты тұжырымдамалық тұрғыда өзгерту, банкроттық ахуалға ерте диагноз қою мүмкіндігін айқындау, төлемдік қабілетті қалпына келтіруге ынталандыру негіздерін жасау, ұйымды қасақана жалған банкрот деп жариялауға қарсы тұру тетіктерін күшейту болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті