2007-жылдың басында Қазақстанда қайта қаржыландыру ставкасы өзгермейді - ҚР Ұлттық банкі (толықтырылған нұсқа) - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылдың басында  Қазақстанда қайта қаржыландыру ставкасы өзгермейді - ҚР Ұлттық банкі (толықтырылған нұсқа)

2007-жылдың басында Қазақстанда қайта қаржыландыру ставкасы өзгермейді - ҚР Ұлттық банкі (толықтырылған нұсқа)

АЛМАТЫ. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. 2007-жылдың басында Қазақстанда қайта қаржыландыру ставкасы өзгермейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2006
  • 571
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес, Ұлттық банк басқармалары 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдың 9 процент деңгейінде белгілеуге қаулы шығарды, басқаша айтқанда, өзгеріссіз қалдырылды»,- делінген банк хабарламасында.

Қаржы нарығындағы ахуал мен ресми қайта қаржыландыру ставкасына арналған баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов: «ағымдағы жылы жылдық инфляция түрлі бағытта өзгере келіп нәтижесінде баяулай бастады», деп атап өтті. «2005-жылдың мамыр айы мен 2006-жылғы мамыр айлары аралығында инфляция 7,5%-тен 9%-ке дейін өсе келе қараша айының қорытындысы бойынша 8,4%-ке дейін төмендеді»,- деді ол.

Ә.Сәйденовтың айтуынша, бұл ағым ақша-қарыз саясатын қатайту шараларына, соның ішінде Ұлттық банк операциялары бойынша ставкаларды көбейтуге, сондай-ақ, ең төменгі резервтік талаптарды қатайтуға байланысты болмақ. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері ресми қайта қаржыландыру ставкасы 8 проценттен 9%-ке дейін, ал банктерден тартылатын салымдар бойынша ставкалар 3,5%-тен 4,5%-ке дейін өсті.

«Соған қарамастан, инфляция деңгейінің төмендеу ағымы тұрақсыз болуы мүмкін. Сол себепті осы кезеңде ақша-қарыз саясатын жеңілдету шараларын қолдану қисынсыз. Осыған байланысты ресми қайта қаржыландыру ставкасы өзгеріссіз қалдырылды»,- деді Ұлттық банк басшысы. «Келесі жылдың алғашқы тоқсанында ресми қайта қаржыландыру ставкасын 9 проценттен өзгертпеуге шешім қабылданды. Біздің пайымдауымызша, бұл — инфляцияға қатысты қазір қалыптасып отырған ахуалға лайық»,- деді Ә.Сәйденов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта