2007-жылдың қаңтар-ақпан айларында теңге 2,2%-ға нығайды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылдың қаңтар-ақпан айларында теңге 2,2%-ға нығайды

2007-жылдың қаңтар-ақпан айларында теңге 2,2%-ға нығайды

АЛМАТЫ. 7-наурыз. Kazakhstan Today. 2007-жылдың қаңтар-ақпан айларында теңге 2,2%-ға нығайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов бүгін еліміздің қаржы нарығындағы ахуалға арналған баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Наурыз 2007
  • 411
Фото - Caravan.kz

Банк басшысының айтуынша, 2007 жылғы ақпанда теңгенің АҚШ долларына қатысы бойынша бағамының өсу үрдісі байқалды.

Бір айдың ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 123,20 теңге — 126,25 теңге ауқымында өзгерді. Осы кезең ішінде теңге 1,7% (жыл басынан бері 2,2%-ға) нығайды және ақпанның соңында теңгенің биржалық бағамы бір доллар үшін 124,21 теңгені құрады.

Ақпанда Қазақстан Қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосалқы сауда-саттықтағы мәмілелерді есепке алғанда қаңтардағымен салыстырғанда 33,7% азайып, 4,1 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері -10,4 млрд. долл.).

Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 15,9% азайды және 8,9 млрд. АҚШ долл. құрады (жыл басынан бері — 5,3 млрд. долл.).


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті