2007-жылға арналған бюджетте президент тапсырмалары толық көрініс тапты - үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылға арналған бюджетте президент тапсырмалары толық көрініс тапты - үкімет басшысы

2007-жылға арналған бюджетте президент тапсырмалары толық көрініс тапты - үкімет басшысы

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. 2007-жылға арналған республикалық бюджетте президент тапсырмалары толық көрініс тапты. Бұл туралы бүгін "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын талқылауға бағытталған парламент палаталарының бірлескен отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 13 Қараша 2006
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Сіздерге еліміздің басты қаржылық құжатын талқылауда ұстанған кәсіби салмақты көзқарастарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін. 2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдау арқылы мемлекеттік келесі жылға жоспарлаған барлық шаралары нақты шынайы кескін- келбетке ие болды. Парламент пен үкіметтің бірлескен жемісті жұмысы ел президентінің өз мемлекетіміздің бәсекелестік қабілетін көтеру жөніндегі барлық тапсырмаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді дегенге сенемін»,- деді Д.Ахметов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта