"2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 13 және 16-қарашада екі оқылымда қарайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 13 және 16-қарашада екі оқылымда қарайды

"2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 13 және 16-қарашада екі оқылымда қарайды

АСТАНА. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. "2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын парламент 13-қарашада алғашқы, ал 16-қарашада екінші оқылымда қарайды. Мәжілістің қаржф және бюджет жөніндегі комитетінің жоспар-кестесінде осындай мерзім көрсетілген, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 468
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін «2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын парламентте алғашқы және екінші оқылымда қарауға бағытталған палаталардың бірлескен отырысы 21 және 27-қарашаға белгіленген болатын.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2007-жылға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын үкімет 24-тамызда мақұлдады. Құжатқа сәйкес, Жалпы ішкі өнім 11 трлн. 880 млрд. теңге көлемінде болжанып отыр. Бұл ағымдағы жылғыдан 8,6 процент артық. Тұтыным бағаларының индексі жылына орта есеппен 5-7 процент, теңге бағамы бір долларға шаққанда 116 теңге болмақ.

2007-жылғы республикалық бюджет түсімдері 1 трлн. 982 млрд. теңге, немесе, Жалпы ішкі өнімнің 16,7 процентіне тең; шығындар 2 трлн. 17 млрд. теңге, республикалық бюджеттің тапшылығы 133,1 млрд. теңге немесе Жалпы ішкі өнімнің 1,1 процентіне тең болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта