2007-жылға арналған республикалық бюджеттің тапшылығын Жалпы ішкі өнімнің 1,2 процентіне дейін жеткізу межеленген - толықтырылған ақпарат - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+8 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылға арналған республикалық бюджеттің тапшылығын Жалпы ішкі өнімнің 1,2 процентіне дейін жеткізу межеленген - толықтырылған ақпарат

2007-жылға арналған республикалық бюджеттің тапшылығын Жалпы ішкі өнімнің 1,2 процентіне дейін жеткізу межеленген - толықтырылған ақпарат

АСТАНА. 13-қараша. Kazakhstan Today. 2007-жылға арналған республикалық бюджеттің болжамдық тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,2 процентіне дейін жеткізіледі. Осы жөніндегі шешім парламент палаталарының біріккен комиссиясында қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

  • 13 Қараша 2006
  • 419
Фото - Caravan.kz

«Комиссия бюджеттің кіріс бөлігін өзгертпей-ақ, қаржыны қайта бөлу және бюджет тапшылығының болжамдық көлемін арттыру есебінен қосымша қаржы көздерін қарастыруға шешім қабылдады. Республикалық бюджеттің болжамдық тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің 1,1 процентінен 1,2 процентіне дейін жеткізіледі»,- деп мәлімдеді бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында комиссия төрағасы Кенжеғали Сағадиев.

Оның айтуынша, қаржыны қайта бөлу және бюджет тапшылығының болжамдық көлемін арттыру есебінен 38,8 млрд. теңге табылды. Атап айтсақ, бюджет тапшылығының болжамдық көлемін арттыру есебінен шығындар 11,9 млрд. теңгеге ұлғайтылды. Бюджет шығыстарын қысқарту есебінен 26,8 млрд. теңге табылды, соның ішінде Министрлер үйінің ғимаратын ұстауға арналған шығындар 968 млн. теңгеге, Халыққа қызмет көрсету орталықтарының іс-қызметін қамтамасыз етуге арналған шығындар 3 млрд. теңгеге, үкіметтің резерві 2,6 млрд. теңгеге, үкіметтің берешектерін өтеуге арналған шығындар 9,3 млрд. теңгеге, президенттің іс басқару шығындары 510 млн. теңгеге азайтылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта