«Бұл мәселеге біз 2007-жылы қайта айналып соғып, проблемалар мен кемшіліктерді зерттеу негізінде мөлшерді көбейткен жөн бе, әлде , осы деңгейде тұрақтандыру дұрыс па деген тұжырым жасаймыз»,- деді ол. «Қазіргі жағдаймен әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен оның сапасы арта түскені ғана түсінікті»,- деді министр.
Оның айтуынша, қазір «әскери борышын келісім-шарт негізінде өтеушілердің үлес салмағы 40 процентті құрап отыр. Ал қызметке кіріскен әскер бірден 21-23 мың теңге мөлшерінде жалақы ала бастайды».
Сондай-ақ, министрдің пайымдауынша, «армияны жаппай келісім-шарт негізіне көшірудің қажеті шамалы». «Келісім-шартқа көшуде кейбір қиындықтар туындайтыны рас. Ол — резерв дайындау. Сол себепті әскери борышын мерзімді өтеушілердің біраз проценті қалғаны дұрыс»,- деді М.Алтынбаев.