2007-жылғы маусымда еліміздің халықаралық резервтері 2,0% ұлғайды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылғы маусымда еліміздің халықаралық резервтері 2,0% ұлғайды

2007-жылғы маусымда еліміздің халықаралық резервтері 2,0% ұлғайды

АЛМАТЫ. 4-шілде. Kazakhstan Today. 2007-жылғы маусымда Ұлттық қордың ақшасын (алдын ала деректер бойынша 17 642,8 млн. долл.) қоса алғанда елдің халықаралық резервтері (ағымдағы бағалардағы) тұтастай алғанда 2,0% ұлғайып, 40 018,0 млн. долларды құрады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Ұлттық банктің басапасөз қызметі хабарлады.

  • 4 Шiлде 2007
  • 467
Фото - Caravan.kz

2007 жылғы маусым айында Ұлттық банктің халықаралық резервтері ұлғайды.

Ұлттық банктің ағымдағы бағалардағы таза халықаралық резервтері 2,8 % (немесе 616,5 млн. долларға) өсті.

Ай ішінде Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің шотынан Қаржы министрлігінің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялардың жүргізілгеніне қарамастан екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың ұлғаюы, ішкі валюта нарығында валюта сатып алу және үкіметтің шоттарына валютаның түсуі валюталық қорлардың ұлғаюына алып келді.

Нәтижесінде таза валюталық қорлар (ЕАВ) 634,9 млн. долларға өсті, әлемдік нарықтардағы бағасының 1,23 % төмендеуі нәтижесінде алтындағы активтер 18,4 млн. долларға төмендеді.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері тұрақты бағада 2,9 %, еркін айналмалы валютадағы таза активтер 3,1 % өсті, алтындағы активтер шамалы 0,01 % төмендеді.

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтерінің 2007 жылғы маусым айында өсуі ақша базасының 4,0% (немесе 63,9 млрд. теңге) кеңеюіне себепші болды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті