Қ.Келімбетовтың айтуынша, 2005-2007-жылдарда теңгенің нығаю құбылысы одан әрі жалғасады. Мәселен, министрдің айтуынша, 2005-жылы теңгенің жылдық орташа бағамы бір доллар үшін 131,7 теңге, 2006-жылы 129,2 теңге, 2007-жылы 128 теңге болмақ.
2004-2007-жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамына сәйкес, ел экономикасының монетизациялық деңгейі 2005-жылы 27,9%, 2006-жылы 29,2%, 2007-жылы 30%-ті құрамақ. 2005-жылы ақша массасы 1631,0 млрд. теңге, 2006-жылы 1938,0 млрд. теңге, 2007-жылы 2266,0 млрд. теңге болады деп күтілуде.
Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда 2005-жылы 112%, 2006-жылы 115%, 2007-жылы 114%-ті құрайды.