Бұл туралы ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев пен БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының бас директоры, БҰҰ бас хатшысының орынбасары Ким Хак Судың 18-қыркүйекте Нью-Йоркте өткен кездесуінде мәлім болды.
Кездесу барысында БҰҰ бас хатшысының орынбасары осындай аса ауқымды халықаралық шараны өткізетін орын ретінде Қазақстанның таңдалуы кездейсоқтық емес екенін атап өтті.
«Бұл шешім Азия-Тынық мұхиты аймағы тарапынан Қазақстанның «леуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асырудағы, сондай-ақ, әлемдегі ең бір қарқынды дамушы экономиканы қалыптастырудағы таңқаларлық табыстарын мойындауға негізделген»,- деді ол.
Ким Хак-Су еліміздің Орталық Азия аймағындағы қарқынды экономикалық дамудың локомотивіне айналады дегенге сенім білдірді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев басқарған Қазақстан өкілдері БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін 61-сессиясына қатысуда.
Азия және Тынық мұхиты елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына және олардың өзара және үшінші елдермен ынтымақтастығына ықпал жасау мақсатын көздейтін ЭСКАТО комиссиясы 1947-жылы құрылған. Оған Азия және Тынық мұхиты аймағының 51 мемлекеті мүшелікке өткен. 2007-жылы БҰҰ-ның аса ірі аймақтық комиссиясы — ЭСКАТО-ға 60 жыл толады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті