2007-жылы Теңіз кенішінде мұнай өндіру мөлшері 2 есе артады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылы Теңіз кенішінде мұнай өндіру мөлшері 2 есе артады

2007-жылы Теңіз кенішінде мұнай өндіру мөлшері 2 есе артады

2007-жылы Теңіз кенішінде мұнай өндіру мөлшері 2 есе артады. Бұл туралы бүгін, 11-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу қорытындысы бойынша өткізілген баспасөз мәслихатында "Chevron" корпорациясының бас атқарушы директоры және басқарма төрағасы Дэвид ОРайли мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Қазан 2005
  • 376
Фото - Caravan.kz

«Қазір біз Теңіз кенішіндегі өндіріс қуаттылығын арттыру жөніндегі ауқымды жобаны жүзеге асырып жатырмыз. Соның нәтижесінде біз мұнай өндіру мөлшерін 2 есе арттыра аламыз»,- деді Дэвид ОРайли.

Оның айтуынша, өндіріс қуаттылығын арттыру жобасы 2007-жылы аяқталады.
«Қазақстан президентімен кездесу барысында корпорацияның инвестициялық мүмкіндіктері талқыланды»,- деді компания директоры.
2005-жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша Теңіз кенішінде 3,5 млн. тонна мұнай өндірілді.
Қазіргі таңда ТШО акционерлерінің қатарында ChevronTexaco Overseas (50%), ExxonMobil Kazakhstan Ventures Inc (25%), «ҚазМұнайГаз» АҚ (20%), LUKArco Бірлескен кәсіпорны (5%) бар.

Перейти к новостям спорта