2008 - 2009 жылдарда Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 8,9 - 9,7%, инфляция деңгейі - 5 - 8% құрайды - үкіметтің түзетілген болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 - 2009 жылдарда Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі  8,9 - 9,7%,  инфляция деңгейі  - 5 - 8%  құрайды - үкіметтің түзетілген болжамы

2008 - 2009 жылдарда Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 8,9 - 9,7%, инфляция деңгейі - 5 - 8% құрайды - үкіметтің түзетілген болжамы

АЛМАТЫ. 24-мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан үкіметінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің түзетілген болжамына сәйкес, 2008 - 2009 жылдарда Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 8,9 - 9,7%, инфляция деңгейі - 5 - 8% құрайды. Осы жөніндегі қаулыға республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 24 Мамыр 2007
  • 515
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, үкіметтің болжамына сәйкес, 2007-жылы жан басына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 12 464,1 млрд теңге (өткен жылғымен салыстырғанда өсім 9,7%), 2008 -жылы — 14 874,2 млрд теңге (9,4%), 2009-жылы — 17 563,4 млрд теңге (8,9%) болмақ.

Үкіметтің болжамы бойынша, Қазақстанда тұтыным бағаларының индексі (инфляция деңгейі) 2007-жылы орта есеппен 5 — 7%, 2008-жылы — 6 — 8%, 2009-мжылы — 6 — 8% құрайды.

Бұған дейін үкімет 2007 — 2009-жылдары Жалпы ішкі өнімнің жыл сайынғы өсімі 7,5 — 8%, инфляция деңгейі 5 — 7% аралығында болады деп болжаған болатын.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті