2008 жылдың 1 жарты жылдығында бекітілген байланыс абоненттерінің саны 3 337 766 жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылдың 1 жарты жылдығында бекітілген байланыс абоненттерінің саны 3 337 766 жетті

2008 жылдың 1 жарты жылдығында бекітілген байланыс абоненттерінің саны 3 337 766 жетті

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 1 жарты жылдығында бекітілген байланыс абоненттерінің саны 3 337 766 жетті. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Төрағасы Қуанышбек Есекеев мекеменің алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 19 Қыркүйек 2008
  • 432
Фото - Caravan.kz

«2008 жылдың 1 жарты жылдығында бекітілген байланыс абоненттерінің саны 3 337 766 жетті»,- деді ол.

Қазақстан бойынша орта телефондық тығыздық 100 адамға шаққанда 21,6 нөмір. Телекоммуникация саласының даму бағдарламасымен осы көрсеткішті 2008 жылдың аяғында 100 адамға шаққанда 23-ке жеткізу көзделіп отыр.

Телефонмен қамтылмаған аймақтарды 2008 жылы толығымен телефондандыру мақсатында тұрғындар саны 50 аспайтын 74 ауылды жерлерді телефон байланысымен қамту үшін Агенттікпен 2008 жылдың 7 сәуірінде кесте — жоба бекітілді. Осы кесте — жобаға сай, 21 ауылдық жерді телефондандыру мерзімі 2008 жылдың үшінші тоқсанына, 53 ауылдық жер 2008 жылдың төртінші тоқсанына белгіленді.

2008 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдаймен 11 ауылдық жер телефон байланысымен қамтылды: Ақмола облысында — 1, Ақтөбе облысында — 3, БҚО — 1, Қостанай облысында — 3, ОҚО — 3.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар