2008 жылғы 24-28 қыркүйек аралығында "Бір ел - бір кітап" акциясы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылғы 24-28 қыркүйек аралығында "Бір ел - бір кітап" акциясы өтеді

2008 жылғы 24-28 қыркүйек аралығында "Бір ел - бір кітап" акциясы өтеді

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылғы 24-28 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы және Қазақстан Республикасы Кітапханашылар ассоциациясы бірлесіп "Бір ел - бір кітап" акциясын өткізеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Қыркүйек 2008
  • 1442
Фото - Caravan.kz

Акцияның мақсаты — оқу ісін ілгерілету, оқу мәдениеті мен сауаттылықты қалыптастыру, рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық көзқарас, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.

Акцияны ұйымдастыру комитеті төрайымы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Халық жазушысы, ақын — Фариза Оңғарсынова.

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері биылғы жалпыұлттық оқуға жалпыадамзаттық және ұлттық гуманизм идеяларын, тарихи-мәдени дәстүрлерді айқындайтын, тарихи күретамырды дөп басатын қазақ классигі М.Әуезовтың «Қилы заман» повесін ұсынды, соңғы таңдау «Қилы заман» повесіне түсті. Бұл бір жағынан — сол кезеңдегі қазақ халқының өмірі мен тұрмысын, жарасымды табиғатымен қоса адамдар арасындағы әлеуметтік тартысты сөйтіп оның ақыры қазақтардың көтерілісіне әкелген жағдайды шебер суреттейтін көркемдік құны жоғары шығарма, ал екінші жағынан — 1916 жылғы қазақ даласындағы көтеріліс — Қазақстан тарихындағы дүбірлі кезеңді көрсететін туынды. Шығарма өткірлігімен әрі әлеуметтік тартыстардың шиеленісімен оқырманға тартымды.

«Қилы заман» 1928 жылы жазылып бітті, ал 1930 жылдан бастап оған тыйым салынды. Сол кезеңдерде бұл шығарма түрлі сынға ұшырады, оны қаралауға шыққандар аса белсенділік танытты. Тек өткен ғасырдың 70 жылдарында «Қилы заман» өз оқырмандарымен қайта табысты. Осы кітаптың орыс тілінде шыққан кіріспесіне Шыңғыс Айтматов былай деп жазды: «Шығыс әдеби шығармаларынан мен қарапайым адамдардың басына түскен трагедияларына қарамастан билікке қарсы аянбай күрескенін, сол әрекеті үшін ауыр жазаға ұшырағандарын, сөйтіп өз жерлерінен қуылған аянышты жағдайды керемет суреттеген, өз халқына жанашырлық танытатын осындай кітапты мен кездестірмеп едім».

Әуезовтің повесінде ұлттық сананың қалыптасуы нақты суреттелген, ал елдің дамуының әр кезеңінде оның нығая түскенін бүгінгі ұрпақ жақсы біледі. Олар — Алаш қозғалысы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Қазақстанның бүгінгі тәуелсіздікке қол жеткізген және өзінің әлемдегі лайық орнына ие болған кезінде біз тәуелсіздіктің қаншалықты қиындықпен орнағанын ұмытпаумыз керек. Осы тұрғыда М. Әуезовтың «Қилы заман» повесі өткен ғасырдың басында өз құқықтары үшін билікке қарсы шыққан, жер мен ел намысын батыл қорғай білген нағыз патриоттар деп бағалауымыз керек.

Акция күндері Қазақстанның кез келген нүктесінде кездесулер, әңгімелер, «дөңгелек үстелдер», оқу марафондары өтеді, көрмелер ашылады. Бұл шаралар М.Әуезовтың «Қилы заман» повесін жете түсінуге, оның автор творчествосындағы орны мен мазмұнын анықтауға және біздің рухани өміріміздегі орнын айқындауға бағытталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті