2008-жылы Қазақстанда көмірсутегі шикізатын өндіру көлемі 76 млн. тоннаны құрайды - экономика министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008-жылы Қазақстанда көмірсутегі шикізатын өндіру көлемі 76 млн. тоннаны құрайды - экономика министрлігі

2008-жылы Қазақстанда көмірсутегі шикізатын өндіру көлемі 76 млн. тоннаны құрайды - экономика министрлігі

Экономиканың базалық даму болжамына сәйкес, Қазақстанда мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2005-жылы 64 млн. тоннаны, 2006-жылы - 68 млн. тоннаны, 2007-жылы - 72 млн. тоннаны, 2008-жылы - 76 млн. тоннаны құрайды. Бұл туралы ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінен хабарлады.

  • 15 Ақпан 2005
  • 454
Фото - Caravan.kz

Бағаның қымбаттау сценарийіне сәйкес, 2005-жылы 65,6 млн. тонна, 2006-жылы — 72,2 млн. тонна, 2007-жылы — 79,3 млн. тонна, 2008-жылы — 86,9 млн. тонна мұнай өндіріледі деген жорамал жасалып отыр. Ал бағаның арзандауына негізделген жорамалға сәйкес, мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 2005-жылы 61 млн. тоннаны, 2006-жылы — 62 млн. тоннаны, 2007-жылы — 64 млн. тоннаны, 2008-жылы — 68 млн. тоннаны құрайды.

Министрліктің болжамына сәйкес, экономиканың базалық даму болжамы бойынша, Қазақстанда мұнай және газ конденсатын экспорттау көлемі 2005-жылы 56,9 млн. тоннаны, 2006-жылы — 60,9 млн. тоннаны, 2007-жылы — 64,9 млн. тоннаны, 2008-жылы — 68,9 млн. тоннаны құрайды. Бағаның қымбаттау сценарийіне сәйкес, 2005-жылы 58,6 млн. тонна, 2006-жылы — 65,2 млн. тонна, 2007-жылы — 72,3 млн. тонна, 2008-жылы — 79,8 млн. тонна мұнай экспортталмақ. Ал бағаның арзандауына негізделген жорамалға сәйкес, мұнай және газ конденсатын экспорттау көлемі 2005-жылы 53,9 млн. тоннаны, 2006-жылы — 54,9 млн. тоннаны, 2007-жылы — 56,9 млн. тоннаны, 2008-жылы — 60,9 млн. тоннаны құрайды.
Экономика министрлігінің есебіне сенсек, мұнай және газ конденсатын ішкі тұтыну мөлшері 2005-2008-жылдары экономиканың базалық даму болжамы бойынша 7,1 млн. тоннаны, бағаның қымбаттау сценарийіне сәйкес 20005-2007-жылдары 7 млн. тоннаны, 2008-жылы 7,1 млн. тоннаны, ал бағаның арзандауына негізделген жорамалға сәйкес 2005-2008-жылдары мұнай және газ конденсатын ішкі тұтыну мөлшері 7,1 млн. тоннаны құрамақ.

Перейти к новостям спорта