ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің болжамына сәйкес, бағаның қымбаттау сценарийі бойынша әлемдік мұнай бағасы бір баррельге 40 долларды құраған жағдайда инфляция 2006-жылы — 6,6-8%, 2007-жылы — 6,3-7,7%, 2008-жылы — 6,3-7,7% болмақ. Ал бағаның арзандауына негізделген жорамалға сәйкес (бір баррель мұнайдың бағасы 22-24 долларды құрайды), инфляция деңгейі 2005-жылы 4,9-6,5%, 2006-жылы — 4,8-6,2%, 2007-жылы — 4,1-5,5%, 2008-жылы — 4,1-5,6%-ті құрайды.