Ол ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін (5 жыл 6 ай) жазасын өтей жүріп, қашып кеткен еді.
Шымкенттегі ИЧ-167/10 колониясының бастығы Серікбай Дүйсеновтың сөзінше, 31 жастағы сотталушы 2009 жылы қашып кеткен және осы уақытқа дейін іздестіруде жүрген.
ҚР Қылмыстық кодексінің 358 бабына сәйкес бас бостандығынан айыру орнынан қашып кеткен азамат 3 жылға дейін бас бостандығанан айыру жазасына тартылады.