2009-жылға дейін еліміздегі барлық спутниктік байланыс операторлары «KazSat» жер серігіне көшіріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2009-жылға дейін еліміздегі барлық спутниктік байланыс операторлары «KazSat» жер серігіне көшіріледі

2009-жылға дейін еліміздегі барлық спутниктік байланыс операторлары «KazSat» жер серігіне көшіріледі

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. 2009-жылға дейін еліміздегі барлық спутниктік байланыс операторлары «KazSat» жер серігіне көшіріледі. Бұл туралы ҚР ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2006
  • 500
Фото - Caravan.kz

“«KazSat» жер серігін ұшыру бізге қазір шетелдердің жер серіктерін пайдаланып отырған барлық операторларды «KazSat» жер серігіне көшіруге мүмкіндік береді. Байланыс операторлары қазір шетелдік спутниктік ұйымдарға төлеп отырған 25-27 млн. доллар Қазақстан экономикасында қалатын болады”,- деді А.Жұмағалиев.

Оның хабарлауынша, «KazSat-2» жер серігін 2,5 жылдан кейін ұшыру межеленіп отыр. “Қазақстандағы байланыс операторлары мен Орталық Азиядағы операторлар тарапынан дәл осы мерзімге дейін қосымша сұраныс пайда болатыны анық”,- деді агенттік төрағасы. “Жер серігінің қызмет көрсету аймағына араб елдері мен Ресейдің орталық бөлігі қамтылады”. Қазақстанның екінші жер серігі 2014-жылға дейін тұтынушылармен толығады, деді ол.

Перейти к новостям спорта