200-ден астам акушер-гинеколог дәрігерлер Алматыдағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
200-ден астам акушер-гинеколог дәрігерлер Алматыдағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуда

200-ден астам акушер-гинеколог дәрігерлер Алматыдағы ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысуда

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында репродуктивтік жастағы әйелдерге көмек көрсету сапасын жақсарту мақсатында Алматы қаласында Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығында

  • 21 Маусым 2011
  • 939
Фото - Caravan.kz

«Гинекологиядағы жаңа технологиялар» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференция өз жұмысын бастады. Конференцияны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы (АГжПҒО), Қазақстанның акушер-гинекологтар қауымдастығы фармацевтикалық компаниялардың қолдауымен ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық конференция жұмысына белгілі акушер-гинеколог ғалымдар, денсаулық сақтау ұйымдастырушылары, шетел және Қазақстан ЖОО-ның ғалымдары, еліміздің барлық өңірлерінен, Ресей, Франция, Швейцариядан мамандар, жалпы 200-ге жуық делегат қатысуда.

Қазақстан халқының денсаулығын қорғау, оның ішінде репродуктивтік денсаулықты қорғау мемлекеттің маңызды мақсаты деп жарияланды.

АГжПҒО базасында 7 жыл көлемінде эндоскопиялық гинекология республикалық орталығы қызмет етуде, орталықта республика дәрігерлеріне тақырыптық циклдер өткізіліп, 100-ден астам маман дайындалды. Қазақстанда эндоскопиялық хирургия саласы қалыптаса бастағалы қысқа уақыттың ішінде елеулі өзгерістер болды. Тексерулердің ультрадыбыстық, аспаптық және эндоскопиялық әдістерін қолдану түрлі жастағы әйелдерде ауруды ерте айқындауға көмектеседі. Көп гинекологиялық операцияларды шағын инвазивті әдістермен орындау әйелдің бала туу мүшесін сақтап қалады. Қазіргі уақытта лапароскопиялық операциялық жүйелермен барлық облыс орталықтары жабдықталған. Одан басқа, көп медициналық мекемелерде лапароскопия жедел жәрдем режімінде өткізіледі.

Жаңа технологияларды енгізу операциядан кейінгі науқастың ауруханада жатып емделу мерзімін азайтуға, ем бағасын төмендетуге, бактерияға қарсы және ауыртпайтын препараттарға кететін шығынды қысқартуға, косметикалық тиімділікті және науқастарды толық оңалтуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда алғаш рет АГжПҒО базасында бірегей конференция өткізіліп, жиын көрсетілімі он-лайн режімінде өтеді, яғни барлық мүдделілік танытқан мамандар өз облыстарынан шықпай конференцияға қатыса алады. Әлемнің жетекші клиникаларының операция бөлмесінен телекөпірлер жүргізіледі. Белгілі шетел ғалымдарының қатысуымен интерактивті оқу симпозиумы өткізіледі.

Конференцияда ғылыми жетістіктердің практикалық тәжірибемен алмасу қорытындысы шығарылады, жаңа жедел емдеу және диагностикалық технологиялар ұсынылады.

Халықаралық конференция жұмысы маусымның 24-не дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар