200-ге жуақ адам екінші тәулік бойы Алматыдан Үрімшіге ұшып кете алмай отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жолаушылардың айтуынша, China Southern Airlines авиакомпаниясының рейсі 19 желтоқсанда ұшып кетуі керек болған.
"Біз Бангокқа дейін билет алғанбыз, олҚытай арқылы ұшатын болған. Кеше 22.00-де ұшып кетуіміз керек болған. Біздің рейсімізді ауа райының қолайсыздығына орай кейінге шегерді. Таңғы уақытқа ауыстырды. Таңертең біз тағы үшып кете алмадық. Біз кедендік бақылаудан өтіп, буферлік аймаққа өткенімізде ұшақтың ұшып келмегенін хабарлады. Біз шамамен 200-ге жуық адамбыз. Біз ішкі рейстерге алған билеттерімізден айырылдық, Таиландтағы қонақүйлер мен барлық нәрседен, олар бізге өтемақы бермейді", — деді жолаушылардың бірі.
Оның айтуынша, China Southern Airlines әуе компаниясы нақты бір жауап айтпаған. "Біз екінші тәулік бойы әуежайда жүрміз. Әрине бізге ешкім де қонақ үй мен тамаққа қамтамасыз етпейді", — деді ер адам.