2011 жылдың 1 тамызынан бастап,«Қазтранском»АҚ мен «Нұрсәт»АҚ интернетке қосылу тарифін орташа есеппен 38% төмендетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2011 жылдың 1 тамызынан бастап,«Қазтранском»АҚ мен «Нұрсәт»АҚ интернетке қосылу тарифін орташа есеппен 38% төмендетеді

2011 жылдың 1 тамызынан бастап,«Қазтранском»АҚ мен «Нұрсәт»АҚ интернетке қосылу тарифін орташа есеппен 38% төмендетеді

2011 жылдың 1 тамызынан бастап,«Қазтранском»АҚ мен «Нұрсәт»АҚ интернетке қосылу тарифін орташа есеппен 38% төмендетеді, деп көрсетілген ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің хабарында.

  • 23 Маусым 2011
  • 479
Фото - Caravan.kz

Құжатта айтылғандай, ҚР БАМ аталған нарықта үстемдігі басым байланыс операторларының қызмет көрсету бағаларына сараптама жүргізіп, қорытындысында, «Қазақтелеком» АҚ мен «Транстелеком» АҚ ұсынып отырған Интернет желісіне алғашқы қосылушылар үшін (байланыс операторлары үшін) ең жоғары тариф орташа есеппен екі есеге төмендетілді.

Бұдан өзге, 2011 жылдың 1 тамызынан бастап,«Қазтранском»АҚ мен «Нұрсәт»АҚ тарифті орташа есеппен 38% төмендетеді.

«Аталған шара екінші деңгейдегі провайдерлердің соңғы пайдаланушы абонеттер үшін тарифті төмендетуіне септігін тигізеді деп сенеміз», — деп атап өтті ҚР БАМ Байланыс және ақпараттандыру комитеті төрағасының орынбасары Ерғазы Омаров.

Сондай-ақ, осы жылдың 1 маусымынан бастап «Шер-К»ЖШС Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы аумағындағы Интернет желісіне қосылушы соңғы абоненттер үшін қызмет тарифін 20% арзандатты.

Қазіргі күні «Қазақтелеком»АҚ ұсынып отырған Интернет желісіне соңғы қосылушы абоненттерге арналған тарифке сараптама жүргізілуде.

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі әзірлеген және ағымдағы жылдың мамыр айында бекіткен «кең жолақты Интернет желісіне қолжеткізуді дамытудың Жол картасы» бағдарламасына сай, 2015 жылы елімізді 100% сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған. Бағдарламада кең жолақты Интернет желісіне қосылу тарифін 2015 жылға қарай кемінде 30% төмендету қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар