2011 жылдың басынан бері мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтудың үлесі 60,3 пайызды құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2011 жылдың басынан бері мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтудың үлесі 60,3 пайызды құрады

2011 жылдың басынан бері мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтудың үлесі 60,3 пайызды құрады

2011 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанда 64 570,3 миллион теңгенің мемлекеттік сатып алу міндеттемесі орындалды, ал ондағы қазақстандық қамтудың үлесі 60,3 пайызды құрады.

  • 5 Шiлде 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі «NADLoC» ұлттық агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның ішінде 37 838,3 миллион теңге сома мемлекеттік сатып алудың үлесі болса, ондағы отандық тауарлардың сатып алынған үлесі — 16 262 миллион теңге, яғни сатып алынған жалпы тауарлардың 43 пайызын қазақстандық қамту құрап отыр.

Сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың аясында 8 529,7 миллион теңге соманың жұмыстары атқарылды, оның ішінде отандық жеткізушілер атқарған жұмыстың үлесі 6 934,9 миллион теңгені, яғни жалпы атқарылған жұмыстың 81,3 пайызын құрайды.

Мемлекеттік сатып алудың аясында көрсетілген қызметтерге келер болсақ, жалпы алғанда 18 202,3 миллион теңгенің қызметі көрсетілді, оның ішінде отындық қызмет көрсетушілердің үлесі — 15 734,2 миллион теңгені, яғни жалпы көрсеткіштің 86,4 пайызын құрады.

Соңғы жаңалықтар