Жарияланды: 1200

2011 жылғы 21-26 маусым аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

ҮКІМЕТ

21 маусымда селекторлық режимде Үкімет отырысы болады. ҚОҒАМ 13-26 маусым аралығында республика аумағында ҚР ІІМ «Танысуға рұқсат етіңіз» акциясын өткізуде. 21 - 23 маусым аралығында Парижде Қазақстанның Франциядағы Мәдениет күндері өтеді. 20-21 маусымда Варшавада Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаевтың тең төрағалығымен қазақ-поляк экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 3-ші отырысы өтуде, Режиссер Ғазиз Насыровтың «Гәкку» фильмі Қазақстан атынан 23-29 маусым аралығында өтетін Халықаралық Мәскеу кинофестивліне қатысады, 23 маусым күні «Уолт Дисней» компаниясының қазақ тіліндегі алғашқы жобасы - «Көліктер-2» мультфильмі Қазақстанның 43 кинотеатрында бір күнде көрсетілетін болады. 23-24 маусымда Сербияның Сыртқы істер министрі Вук Еремичтің Қазақстанға жұмыс сапары өтеді, АСТАНА 21 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Бекмұрзаұлы Саудабаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің отырысы өтеді. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары М.С.Әшімбаевтың, ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Д.Қ. Мыңбайдың, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, кеңес мүшелерінің қатысуы жоспарланған. 21 маусымда Ұлттық баспасөз клубында «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының жаңа жобаларына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. 21 маусымда Назарбаев Университетінде оқу орнының ресми серіктестерімен кездесуге және университет жанынан үш жаңа мектептің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты болады. 21 маусымда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Мемлекеттік саясат ұлттық мектебінің түлектеріне диплом тапсыру рәсімі болады. 21 маусымда Астана қаласы Ішкі істер департаментінде апталық брифинг өтеді. 22 маусымда www.bnews.kz порталында Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтыұ көмек көрсету комитетінің төрағасы Марат Сексембаевтың қатысуымен онлайн-конференция өтеді. 23-25 маусым аралығында «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ және «Марат Жұлдыздары» ҚҚ «Астана - Тәуелсіз елдің арайы» атты ән байқауын ұйымдастырады. Халықаралық «Талант» өнер орталық залында өтетін байқауға 14 пен 29 жастың аралығындағы өнерпаздар қатыса алады. 24-25 маусымда Астанада қазақ тілді журналистер үшін «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында екі күндік республикалық семинар-тренинг өтеді. 27 маусымда Президенттік мәдениет орталығында «Мұсылман киімі - ұлттық айшықта» атты ұлттық нақыштағы мұсылман киімдерінің байқауы өтеді. Қазақстанның ИКҰ-на төрағалық етуінің қарсаңында өткізіліп отырған бұл байқаудың мақсаты -Қазақстан мұсылман әйелдерінің киім үлгісінде ұлттық стиль мен нақышты жандандыру болып табылады.Байқауға Қазақстан, таяу және шалғай шет елдерінен 15-тен астам модельер мен кутюрьелер сайысқа түседі. АЛМАТЫ 21 маусымда Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтында «Еуроодақ-Қазақстан-Ресей: Қытаймен ынтымақтастықтың перспективасы» деген тақырыпта IV халықаралық конференция болады. 21 маусымда «Достық» қонақүйінде Microsoft компаниясы мен «Қазақтелеком» АҚ-ның арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсіміне арналған баспасөз мәслихаты болады. 21 маусымда Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Опера және балет өнерінің халықаралық фестивалінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. 21 маусымда Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтында «Қазақстан Республикасы және Мысыр Араб Республикасы: ынтымақтастықтың 20 жылдығына орай» атты көрме ашылады. 21 маусымда Ұлттық кітапханада танымал жазушы, драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Софы Сматаевтың 70 жылдығына арналған «дөңгелек үстел» отырысы болады. 21 маусымда Тұңғыш Президент қорында «Ұлы Отан соғысы ардагерлері жазған кітаптар» сериясының аясында Нұрым Сыдықовтың «Сөнбейтін от» деректі повесінің таныстырылымы болады. 22 маусым күні Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында белгілі әнші Ержан Нұрғалиевтің жеке концерті өтеді АЙМАҚ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ Атырау облысында 13-26 маусым аралығында «Танысуға рұқсат етіңіз» акциясы өтеді. ЕЛЕУЛІ ОҚИҒАЛАР. АТАУЛЫ КҮНДЕР. ЕСІМДЕР. МАУСЫМНЫҢ 21-І, СЕЙСЕНБІ Музыка мерекесі. Францияда, ең алғаш рет 1982 жылы маусымның 21-нен 22-не қараған түні музыка мерекесі өтті. Бұл күні барлық кәсіпқой музыканттар мен музыка өнеріне енді араласып жүргендер жиналып, Францияның барлық қалаларында қайырымдылық концерттерін өткізеді. Қазір Музыка мерекесі халықаралық мәртебеге ие және маусымның 21-де 5 құрлықтағы 100 мемлекетте атап өтіледі. Халықаралық скейтбординг күні. Скейтборд индустриясында жұмыс істейтін барлық ірі компаниялар кіретін IASC (International Association of Skateboard Companies) компаниясы маусымның 21-ін Скейтбординг күні деп жариялады. Дүниежүзінде бұл күні барлық скейтерлер далаға шығып скейтборд тебеді және мейрамды тойлайды. Бүгінгі скейтбордтың түп тұлғасы 1958 жылы АҚШ-та пайда болды. Тақтайдың формасы тік төртбұрыш болған және қазіргі үлгіге онша ұқсамайтын. Сосын Ричард Стивенсон тақтайға «артқы жағын» қосып және оны жоғарыға бұруын ойлап шығарды. Осы күйінде скейтборд біздің заманымызға жетті. Жазғы күн тоқырауы. Дәл осы күні Солтүстік жарты шарда ең ұзақ күн болса, Оңтүстік жарты шарда ең қысқа күн болады. Канаданың байырғы тұрғындарының күні. 1996 жылғы маусымның 13-де Канаданың генерал-губернаторы Ромо Ле Блан маусымның 21-ін байырғы тұрғындар күні деп жариялады. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 93 жыл бұрын (1918) қазіргі Алматы облыстық «Жетісу» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Газет қазақ, ұйғыр, өзбек, татар тілдерінде шығып тұрған. Газеттің алғашқы редакторы болып С.Шәкіржанов тағайындалған болатын. 17 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті қаулысымен Ақмола, Атырау, Павлодар, Талдықорған облыстарында аймақтық университеттер құрылды. 15 жыл бұрын (1996) Оңтүстік Кореяда Абайдың қара сөздері корей тілінде кітап болып басылып шықты. 14 жыл бұрын (1997) Будапештте венгр тілінде шыққан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабының тұсаукесері өткізілді. Оның алғы сөзін Венгрия Президенті Арпад Генц жазған. 11 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылымдар Академиясының жалпы жиналысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты «Макроэкономика» мамандығы бойынша мүшелікке қабылдады. 10 жыл бұрын (2001) Қостанай қаласындағы Октябрьдің 50 жылдығы көшесіне Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып Дулатовтың есімі беріліп, ескерткіш тақта орнатылды. 6 жыл бұрын (2005) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасында «Республика Сарайына дыбыс жабдықтарын жеткізу (Алматы қаласы)» жобасын жүзеге асыру үшін Жапония Үкіметінің грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім бекіту туралы» Заңға қол қойды. 5 жыл бұрын (2006) Ақтөбе облыстық мәслихатының 25-ші сессиясында «Ақтөбе облысына еңбек сіңірген қайраткер» атағы бекітілді. Арнайы комиссияның шешімі бойынша бұл атақ жыл сайын Ақтөбе облысының дамуына айтулы үлес қосқан үш ақтөбелікке тағайындалады. Бұл атаққа жұртшылық өкілдерінің, үкіметтік ұйым өкілдерінің, т.б. кандидатуралары ұсынылады. Құрметті атаққа лайықты кандидаттардың алғашқылары - Ресей батыры, ұшқыш-ғарышкер, ақтөбелік Юрий Лончаков, еңбек сіңірген қайраткер, ардагер Сапар Сағынтаев және неміс ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Вальтер Лемле деп танылды. ЕСІМДЕР 60 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Португалия Республикасындағы және Андорра, Монако корольдіктеріндегі Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі ДӘНЕНОВ Нұрлан Жұмағалиұлы дүниеге келді. Қостанай облысының Боровской ауданында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын, КСРО Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын бітірген. 1976-1986 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Қостанай облыстық комитетінің, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитетінің хатшысы. 1989-1992 жылдары - КСРО Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс басқармасының бірінші хатшысы, КСРО-ның Тунистегі Елшілігінің кеңесшісі. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу және Орта Шығыс елдері басқармасының бөлім меңгерушісі, бастығы. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғары мектебінің директоры. 1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Франциядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сонымен қатар UNESCO жанындағы Қазақстан Респубикасының Тұрақты өкілі. 1999-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа да халықаралық ұйымдар бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ватикандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ватикандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы, Дүниежүзілік туристік ұйым жанындағы еліміздің тұрақты өкілі міндетін қоса атқарушы. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2009 жылдың шілдесінен - Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі, 2009 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы, Андорра және Монако корольдіктеріндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы. «Құрмет белгісі» орденімен, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл» мерекелік медальдарымен, Әулие ұлы Григорий Үлкен крест орденімен марапатталған. 45 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы ӘБСАТТАРОВ Қайрат Бектайұлы дүниеге келді. Қарағанды облысының Жезқазған қаласында туған. Қарағанды политехникалық институтын, Жезқазған университетін бітірген. Жезқазған облыстық әкімшілігінде қызмет істеген. 1998-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы. 2001-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Экономикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша бөлімінің бас сарапшысы. 2006 жылы - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс Агенттігінің Қаржы-экономикалық сараптама және әкімшілік жұмыс департаментінің директоры. 2006-2010 жылдары - «Қазақтелеком» АҚ атқарушы директоры - президент аппаратының жетекшісі, бас әкімшілік директоры. Қазіргі қызметінде 2010 жылдың наурызынан бастап істейді. Екі медальмен марапатталған. МАУСЫМНЫҢ 22-СІ, СӘРСЕНБІ ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 19 жыл бұрын (1992) Қазақстан мен Қытай арасында темір жол магистралі ашылып, «Жібек жолы» халықаралық жолаушылар пойызы Алматыдан Үрімшіге сапар шекті. 13 жыл бұрын (1998) Қытайда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Абай туралы сөз» атты кітабы жарық көрді. 12 жыл бұрын (1999) Петропавл қаласының театр алаңында Қарасай мен Ағынтай батырлардың ескерткіші ашылды. 6 жыл бұрын (2005) Елбасы «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапония Үкiметi арасындағы Техникалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы» Заңға қол қойды. 5 жыл бұрын (2006) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге бағытталған. 5 жыл бұрын (2006) Астанадағы Ресей мәдениет және ғылым орталығында профессор, «Мемориалды аймақ» іздестіру тобының жетекшісі Майдан Құсайыновтың «Үміт» мемориалдық аймағы» атты еңбегінің таныстырылымы болды. Аталмыш еңбекте Ленинград шайқасы кезінде қаза болған жауынгерлерді іздестіру жұмыстары бойынша барлық материалдар топтастырылып, «Үміт» мемориалды аймағында орнатылған жол нұсқаушы белгілер, жеке заттары бойынша табылған 404 жауынгердің есімдері, сондай-ақ ТМД елдеріндегі 67 іздестіру тобының тізімі берілген. Іс-шара барысында іздестіру тобының бірқатар мүшелері мақтау қағаздарымен марапатталып, кейбір журналистер «Мемориалды аймақ» тобының арнайы алқасына ие болды. Айта кетер жәйт, Майдан Құсайынов 17 жыл бойы Астанадағы Еуразия ұлттық университетінде құрылған «Мемориалды аймақ» іздестіру тобына жетекшілік етіп келеді. Осы уақыттың ішінде аталмыш топтың бастауымен жүздеген жауынгердің мәйіті табылып, көпке дейін беймәлім болып келген есімдер анықталды. Оның айтуынша, кітап жазылғаннан бері Ленинград түбінде тағы 33 жауынгердің мәйіті табылды. 1 жыл бұрын (2010) Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ы Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік саласында болып жатқан экономикалық үрдістерді талдаудың геоақпараттық жүйесін іске қосты. Бұл жүйе қор қызметі, шағын және орта кәсіпкерлік саласы мен макро және микроэкономикалық үрдістер жайындағы өзекті деген барлық статистикалық және микроэкономикалық үрдістер жайындағы өзекті деген барлық статистикалық және талдамалық ақпаратты интерактивті түрде ұсынатын бірегей жүйе болып табылады. Ол «Даму» қорының тапсырысы бойынша, есептеме дайындау үдерісін оңтайландырып, көрнекі деректер негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға тиімді қолдау көрсету мақсатымен әзірленген. Оның басты артықшылығы шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы негізгі экономикалық үрдістер туралы мәліметтер мен «Даму» қорының жұмысы туралы барлық ақпараттарға қызығушылық танытқан барлық сыртқы пайдаланушылар геоақпараттық жүйеде шоғырланған бір дерек көзі арқылы (www.gis.damu.kz) еркін қол жеткізе алады. Жүйедегі мәліметтер базасы ай сайын сыртқы дерек көздерінен алынған ақпараттарды тоғыстыру жолымен тұрақты түрде жаңартылып отырады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау комитетінің, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің ресми жарияланымдары бар. «Қазақстанның әлемдегі рейтингі» бөлімі АҚШ Орталық барлау басқармасының мәліметтері негізінде жаңартылып отырады. ЕСІМДЕР 80 жыл бұрын (1931-2009) Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы, Өскемен қаласының құрметті азаматы АЛЕКСЕЕНКО Николай Владимирович дүниеге келді. Өскемен қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 1955-1956 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің нұсқаушысы. 1956-1987 жылдары - Өскемен педагогикалық институтының оқытушысы, доценті, профессоры. 1987-1992 жылдары - Целиноград педагогикалық институтының ректоры. 1993-1997 жылдары - Шығыс Қазақстан гуманитарлық институтының ректоры. 1997-1999 жылдары - Жол-құрылыс институтының профессоры болған. Негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстанның тарихи демографиясына, 18-20-шы ғасырлардағы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Оның жетекшілігімен 16 кандидаттық дисертация қорғалған. «Құрмет белгісі» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 50 жыл бұрын (1961) ғалым, Халықаралық Сорос қоры сыйлығының лауреаты ЖАРЕКЕШЕВ Иса Хасенұлы дүниеге келді. Ақтөбе облысының Байғанин ауданында туған. Мәскеу физика-техника институтын, КСРО Ғылым Академиясы Адольф Иоффе атындағы Ленинград физика-техника институтының аспирантурасын бітірген. 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы. АҚШ, Германия, Жапония, Францияда өткен халықаралық конференцияларға, симпозиумдарға қатысқан. Американ және неміс физика қоғамдарының мүшесі. 1990 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Эксперименттік физика ғылыми-зерттеу институтында ғылыми-педагогикалық жұмыспен айналысады. МАУСЫМНЫҢ 23-І, БЕЙСЕНБІ Қазақстан полициясы күні. 1992 жылғы маусымның 23-інде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» Заң қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының қызметі мен міндетін анықтайтын алғашқы құқықтық акт болатын. 2007 жылы маусымның 5-інде Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жарлығымен маусымның 23-ін - Полиция күні деп бекітті. Қазақстан полициясы күні - осы жауапты қызметті жолға қоюдың басы-қасында болғандарға, ардагерлерге және бүгінде осы қатарда еңбек етіп жүргендерге ризашылық пен алғыс сезімдерін білдіру күні. Сонымен қатар бұл күн бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткендерге құрмет көрсету күні болып та саналады. Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттік қызмет күні. 2002 жылғы желтоқсанның 20-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 57-нші сессиясы жыл сайын маусымның 23-інде аталып өтетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттік қызмет күнін жариялап, қарар қабылдады. Мұнан басқа Біріккен Ұлттар Ұйымы осы күні даму үдерісіне мемлекеттік қызмет үлесін жария етер арнайы шаралар ұйымдастыруға шақырды. Халықаралық Олимпиадалық жүгіру күні. Қазіргі Олимпиадалық қозғалыстың басшы органы - Халықаралық олимпиадалық комитеттің құрылған жылынан (1894 жылғы маусымның 23-і) бастап атап өтіледі. Люксембург Ұлы Герцогтігінің Ұлттық мейрамы - Ұлы Герцогтың туған күні (1921). Люксембург - Батыс Еуропада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және батысында Бельгиямен, шығысында Германиямен, оңтүстігінде Франциямен шектеседі. Әкімшілік жағынан 3 округке бөлінеді. Астанасы - Люксембург қаласы. Мемлекеттік тілі - француз және неміс тілдері. Ақша бірлігі - еуро. Люксембург - конституциялы-монархиялы ел. Мемлекет басшысы - Люксембург Ұлы Герцогы. Жоғары заң шығарушы органы - парламент (Депутаттар палатасы). Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Қазақстан Республикасы мен Люксембург Ұлы Герцогтігі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 29-да орнатылды. Молдова Республикасының тәуелсіздігін жариялаған күні (1990). Қазақстан Республикасы мен Молдова арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы шілденің 31-де орнатылды. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 19 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлттық патент ведомствосы (Қазпатент) құрылды. Елбасының 1995 жылғы қазанның 19-дағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Ұлттық патент ведомствосы Қазақстан Республикасы Ұлттық патенттік ведомствосы болып қайта құрылды. 18 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Алматы шет ел тілдері педагогикалық институты Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университеті болып қайта құрылды. (Қазір «Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ-ы) 17 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» қаулысы жарияланды. 11 жыл бұрын (2000) Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған «Жыл адамы» атты академиялық кітап көрмесі салтанатты түрде ашылды. Көрмеде Президент өмірін толық қамтитын отандық және шетелдік баспалардың мыңнан аса кітаптары қойылды. Сонымен қатар көрмеде Президенттің ғылыми шығармалары таныстырылды. Бұл бөлімде әлемнің көптеген тілдерінде жарық көрген кітаптары қойылды. 10 жыл бұрын (2001) елордада «SOS Астана балалар қалашығы» ашылды. 5 жыл бұрын (2006) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Елбасыға Құрмет грамотасын бүгін Минскіде өтіп жатқан ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің мемлекет басшылары деңгейіндегі сессиясында Беларус Президенті Александр Лукашенко табыс етті. Қазақстан басшысына бұл марапат Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Кеден одағын қүруда, қоғамдастыққа мүше-елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді. Сонымен қатар, ЕурАзЭҚ-тың Құрмет грамотасымен Беларус Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен ықпалдастық үдерістерін дамыту жөніндегі Ресей Президентінің арнайы өкілі, Ресейдің Өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенко, ЕурАзЭҚ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Рүстем Жиенбаев марапатталды. 2 жыл бұрын (2009) Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» («Назарбаев Нурсултан Абишевич - основатель независимого государства») деп аталатын кітаптың таныстырылымы болды. Кітаптың жобасын Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяғанның жетекшілік етуімен аталмыш институт ғалымдары дайындады. Кітап Н.Әбішұлының өмірі мен қызметі, жай қарапайым ауылдың азаматынан әлемдік көлемдегі мемлекеттің көрнекті өкіліне дейін әйгілі болған дарынды тұлғаның өрлеу шыңынын жарқын үлгісі. Суреттермен көркемделген 248 беттік кітап орыс тілінде жарық көрді. Көптеген суреттер алғашқы рет жарияланған және алдағы уақытта туындының қазақ тіліндегі нұсқасы әзірленетін болады. Кітаптың құндылығы тәуелсіз Қазақстан тарихының көптеген деректері пайдаланылып, бірқатар құжаттардың түпнұсқасының қолданылуымен ерекшеленеді. 2 жыл бұрын (2009) Петропавлда Қазақстан полициясы күнi Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi iстер департаментi ғимаратының алдында iшкi iстер органдарының қызметтiк мiндеттерiн орындау кезінде апатқа ұшыраған қызметкерлерге арналған ескерткiш салтанатты түрде ашылды. Мемориал тақтасында әр түрлі жылдары, әр түрлі шендегі бірдей жағдайда қайтыс болған 8 адамның аттары ойылып жазылған. 1 жыл бұрын (2010) Иорданияның астанасы Амман қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған көшені салтанатты ашу рәсімі өтті. Шараға қатысқан қазақстандық делегация құрамында Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбек, Қазақстанның Иорданиядағы елшісі Болат Сәрсембаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, Қазақстан Республикасы Парламентінің сенаторы Қуаныш Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Кенжеғали Сағадиев болды. Иордан тарапынан салтанатқа Амман қаласының мэрі Омар Маани, үкімет істері жөніндегі мемлекеттік министр Джамаль Шимай, мәдениет министрі Набиль Шокум, Парламент сенаторы-өнеркәсіп палатасының президенті Хатем Халауани, Иордания Хашимит Корольдігінде тіркелген дипломатиялық корпус, қала жұртшылығы және БАҚ өкілдері болды. Салтанат иордан фольклорлық ансамблінің өнер көрсетуімен басталды, одан кейін біздің Мемлекет басшымыздың құрметіне көшенің атауы жарияланды. Амман қаласының мэрі мен Астана қаласының әкімі салтанатты жағдайда біздің Президентіміздің есімі жазылған тақтайшаның шымылдығын ашты. Амман қаласының мэрі Иордания королі Абдалла ІІ мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арасындағы қалыптасқан туысқандық байланыстар үлгі етуге тұратынын және достас екі елдің мүддесіне қызмет ететінін атап өтті. Қазақстан көшбасшысының екіжақты ынтымақтастықты дамыту және нығайту ісіндегі сіңірген еңбегін, және Амман мен Астана бауырлас қалалар екенін ескере отырып, корольдік әулеттің бастамасымен Амман қаласының муниципалитеті Иордания астанасының орталық көшелерінің бірін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы шешім қабылдады. Ол, осы маңызды оқиға екі бауырлас елдермен қатар, біздің елродаларымыз - Амман мен Астана арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қосымша серпін беретінін атап көрсетті. Астана әкімі И.Тасмағамбетов Президенттің және Қазақстан халқының атынан Корольге және Иордания халқына қазақстандық көшбасшыға көрсетіліп отырған зор құрметке алғысын білдірді. Ол екі ел арасында орнатылған достық қатынастар жыл өткен сайын нығайып келе жатқанын ерекше атап өтті. Бұдан әрі ол Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс ішкі және сыртқы саясатының арқасында қысқа мерзімде зор табысқа жеткенін атап көрсетті. Біздің еліміз әлемнің көптеген елдерімен, соның ішінде Иорданиямен де ең шынайы және достық қатынастар орнатты. Бұл оқиға елде үлкен қоғамдық өрлеу туғызды, елдің барлық дерлік ірі газеттерінде қазақстандық делегацияның сапары жөнінде суреттерімен материалдар жарияланды, маусымның 21-інде иордан теледидары шара туралы сюжеттер көрсетті. Сапар барысында Мәдениет министрлігінде, Иордан Хашимит Корольдігінің Парламент Сенатында ресми кездесулер өтті, қазақстандық делегация мүшелерін Иордания королі Абдалла ІІ қабылдады. Король Абдалла ІІ, мәдениет министрі Набиль Шокум, Парламент спикерінің орынбасары Мааруф Әл-Бахит, Парламент сенаторы Хатем Әл-Халауани, Араб-Амман университеті президентінің орынбасары Каид Абдаллах, Иорданиядағы Ресей мен Әзірбайжан елшілері өзі елінің ұдай көшбасшысы болумен қатар бүкіл әлемде өлшеусіз беделге ие болған адамның есімімен көше аталуына қатысты өздерінің құптайтынын жеткізжді. Олардың айтуынша, бұл оқиға қисынды, өйткені екі елдің көшбасшыларының арасындағы тығыз қатынастар екі бауырлас халықтардың мүддесі игілігіне бұдан да белсендірек ынтымақтасуға жәрдемдеседі. Бұл оқиғаның маңызын біздің Президентіміз бен тұтастай алғанда елімізге құрметпен қарайтын иордандық қоғам оң бағалады. 1 жыл бұрын (2010) Душанбеде Тәжікстан Журналистерінің одағында тәжік тілінде «Панднома» деп аталатын Абайдың «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері болып өтті. Кітапты аудару мен шығаруды ұйымдастыру - Қазақстан Республикасы Елшілігінің, Тәжікстан журналистер одағының және «Тәжікстан-Қазақстан» достық қоғамының бірлескен жобасы. Іс-шараға Тәжікстанның ғылыми және шығармашылық өкілдері, қоғам және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушыларға «Пандноманы» таныстыра келген Қазақстан Республикасы елшісі Әбутәліп Ахметов атап өткендей, Абайдың бұл шығармасы, өзге де туындылары секілді, әлемге кеңінен танымал бола отырып, бірнеше тілдерге аударылған. Алғашқы рет «Қара сөздер» тәжік тіліне аударылып, Ұлттық кітапханаға және Тәжікстанның белді жоғары оқу орындарына сыйға тартылады. Шығармашылық топтар арасындағы ерекше оқиға деп аталып өтілген аталмыш бастама ТР Мәдениет министрі Абдугаффор Абдужабборовтың да баяндамасында тағы бір нақтылана келе, осы кітаптың аудармасының өте жоғары деңгейде жасалғанын және бұл Елшіліктің тәжікстандық тараппен бірлесе жүзеге асырып отырған үшінші жобасы болып отырғанын да тілге тиек етті. ЕСІМДЕР 70 жыл бұрын (1941) Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры әрі көркемдік жетекшісі, Қазақстан Республикасының халық әртiсi, өнертану ғылымының профессоры, тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері ОБАЕВ Есмұхан Несіпбайұлы дүниеге келді. Алматы облысының Райымбек ауданында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын, Мәскеудегі Максим Горький атындағы академиялық театр курсын бітірген. Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының, Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының қоюшы режиссері, Абай атындағы Семей облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының ректоры болған. 1995-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің бірінші орынбасары, орынбасары, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Ол режиссер болып З.Ақышевтің «Жаяу Мұса», Тахауи Ахтановтың «Боран», М.Кәрімнің «Ай тұтылған түн», Ш.Құсайыновтың «Сертке серт», Қ.Мұхамеджановтың «Өзіме де сол керек», Сәбит Мұқановтың «Ботагөз» және «Қашқар қызы», Бейімбет Майлиннің «Шұға», Әнуар Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі бойынша, Роллан Сейсенбаевпен бірлесіп жазған «Өзімді іздеп жүрмін» мен Әкім Таразидің «Індет» спектакльдерін қойды. Семей музыкалық драма театрының бас режиссері болып, осы театр сахнасына бірқатар спектакльдер шығарды: Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», «Абай», «Қарагөз», Ғабит Мүсіреповтің «Ақан сері-Ақтоқты», Евгений Брусиловский мен Ғабит Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Тахауи Ахтановтың «Күшік күйеу», Сафуан Шаймерденовтың «Әнім сен едің», Е.Рахмадиев пен Ғабит Мүсіреповтің «Қайран, Майра», Дулат Исабековтің «Әпке» мен «Ертеңді күту», О.Бодықовтың «Қош бол, Бөрібасар», М.Сәрсекеевтің «Жарылыс», Қалтай Мұхамеджановтың «Комиссар Ғаббасов», Ж.Файзидің «Башмағым», Ф.Эрвенің «Түлкі бикеш» спектакльдері бар. «Парасат» орденімен марапатталған. Ол Германияда, Индияда, Кореяда, Қытайда, Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда, т.б. елдерде өткен қазақ өнерінің мәдени күндеріне шығармашылық жетекшілік жасаған. 60 жыл бұрын (1951) техника ғылымының кандидаты КАРАБАЛИН Әли Әлібайұлы дүниеге келді. Талдықорған облысында туған. Қарағанды металлургиялық зауыты жанындағы училищені, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. 1977-1981 жылдары - Қазақстан ЛКЖО Теміртау қалалық комитетінің екінші, бірінші хатшысы. 1981-1983 жылдары - Теміртау қалалық партия комитеті өндірістік-көлік бөлімінің меңгерушісі. 1985-1987 жылдары - Гагарин аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Теміртау қалалық партия комитетінің екінші хатшысы. 1987-1993 жылдары - Қарағанды металлургиялық комбинаты партия комитетінің хатшысы, Техникалық жабдықтау бөлімінің бастығы, комбинат бас директорының кадр және әлеуметтік даму жөніндегі орынбасары. 1993-1996 жылдары - Теміртау қалалық әкімдігінің басшысы, әкімі. 1996-1997 жылдары - Теміртау қалалық салық бөлімінің бастығы. 1997-2001 жылдары - Теміртау қаласының әкімі. 2001-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің бас консультанты, төрағасының орынбасары - Халықаралық қайта құру және даму банкі жоба ұйымдастыру тобының жетекшісі. 2002-2006 жылдары - «Қазавтоқұрылыс» ЖШС-інің бас директоры. 2006 жылдан - «Шар стансасы-Өскемен» жаңа темір жол желісі құрылысы жөніндегі дирекция директоры. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, ҚазССР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. 60 жыл бұрын (1951) «Kazakhstan Engineering» Ұлттық компаниясы» акционерлк қоғамы басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Жоғары қолбасшылық өкілі, контр-адмирал, Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы (2008-2009) КОМРАТОВ Ратмир Әлімханұлы дүниеге келді. Тараз қаласында туған. Севастополь әскери-теңіз училищесін, Ресей әскери-теңіз академиясын бітірген. 1973-1980 жылдары - Камчатка әскери флотилиясы сүңгуір қайығының топ командирі, Тынық мұхит флоты су асты крейсері дивизионының топ командирі. 1980-1988 жылдары - КСРО Қорғаныс министрлігі әскери өкілдігінің кіші әскери өкілі, әскери топ бастығы. 1990-1992 жылдары - КСРО Қорғаныс министрлігі әскери өкілдігінің басшысы. 1992-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс өнеркәсібі комитеті Жоспарлау-экономика басқармасының бастығы, Қорғаныс өнеркәсібі комитеті төрағасының орынбасары. 1993-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Әскери-Теңіз базасының командирі. 1996-1999 жылдары - Әскери-Теңіз Күштерінің қолбасшысы - Әскери-Теңіз базасының командирі. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас құрылыс және әскери нысандарды орналастыру басқармасы бастығының міндетін атқарушы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери инспекциясының генерал-инспекторы. 2001-2002 жылдары - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, кеңесшісі. 2002-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Батыс әскери округі әскерлерінің қолбасшысы. 2003-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері «Батыс» аймақтық қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметтерін атқарған. 2010 жылдың сәуірінен - «Kazakhstan Engineering» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры, 2010 жылдың маусымынан - басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Екінші дәрежелі Даңқ орденімен және медальдармен марапатталған. МАУСЫМНЫҢ 24-І, ЖҰМА ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 73 жыл бұрын (1938) 1937 жылы наурыздың 26-ында қабылданған Қазақ КСР Конституциясына сәйкес алғаш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайланды. Кеңес мемлекеттік биліктің ең жоғары органы болып табылып, республикаға қатысты кез-келген мәселені шешуге және өз қарауына алуға өкілетті болды. 1995 жылы тамыздың 30-ында жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан Республикасының Парламенті бекітілді. 19 жыл бұрын (1992) Түркістан қаласында Қазақстан мен Өзбекстан Республикалары арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. 6 жыл бұрын (2005) Өскемендегі «АЗИЯ АВТО» көлік жинау зауытында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «SKODA OKTAVIA» автокөлігін жинау жөніндегі конвейер желісін іске қосу салтанаты болып өтті. 2 жыл бұрын (2009) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін әрі қарай жақсарту туралы» Жарлыққа қол қойды. 2 жыл бұрын (2009) «Қазақмыс» тобы Балқаш металлургия өндірісінің бағалы металдар цехында құйма күмістерді құю бойынша жаңа желіні іске қосты. Бұл жоба «Қазақмыс» тобы инновациялық бағдарламалары аясында іске асырылды. Жаңа желіні орнатуға 625 мың АҚШ доллары мөлшерінде инвестиция тартылды. Бір құйманың салмағы халықаралық стандартқа сәйкес 1 000 унцийді немесе 31,1 килоны құрайды. Құйма күмістерді құю бойынша қондырғының өндірістік қуаты жылына 500-600 тоннаны құрайды. 1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Заң жер пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы жүйелеуге және одан әрі жетілдіруге бағытталған. 1 жыл бұрын (2010) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысында Қазақстан электролиз зауытының екінші кезегінің іске қосылу рәсіміне қатысты. Салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы зауыттың екінші кезегінің іске қосылуына арнайы келгендігін атап көрсетті. Елбасының айтуынша, аталмыш зауыт тәуелсіздіктің, Қазақстанда шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғандығының арқасында салынып отыр. Бұл нысанда 850 млн. доллар қаржы игерілген. Бұл зауыт еліміздегі 30 корпоративті көшбасшы бағдарламасына кіретін ірі жобалардың бірі болып табылады. «Мен бұл зауыттың құрылысын бірінші күннен бастап мұқият бақылап келемін. Бұл зауыттың алғашқы сатысының қаланғаны, 2007 жылдың желтоқсанында бірінші кезегінің іске қосылғаны есімізде. Кеңес одағы кезінде мұндай зауыт салуға ондаған жылдар кететін. Біз мұны өте қысқа мерзім ішінде салып шықтық», деді Елбасы. Осы орайда Президент зауыттың құрылысын салуға атсалысқан зауыт басшылығына, барша жұмысшыларға алғысын білдірді және келешекте зауыттың үшінші кезегін іске қосу қажеттігін атап көрсетті. ENRC құрамына кіретін «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ бастапқы аллюминий өндіретін Қазақстандағы бірден бір зауыт болып табылады. Заманауи құрал- жабдықтармен зауытта сапасы өте жоғары өнім өндіріледі. Аталмыш зауыттың құрылысы Қазақстан дербес мемлекет аталғалы жүзеге асырылған алғашқы ірі жобалардың бірі болып табылады. Зауыттың бірінші кезегі 2007 жылдың желтоқсан айында іске қосылған. Бірінші құрылыс кезегі бюджет аясында және белгіленген мерзімнен 27 ай бұрын аяқталды. Зауыттың екінші кезегінің құрылысы да кестеден бұрын аяқталып отыр. Зауыттың екінші кезегі іске қосылған соң енді өндіріс орны жылына 250 мың тонна бастапқы аллюминий өндіретін болады. Қазіргі уақытта зауытта салмағы 20 келілік аллюминий құймалары өндіріледі. 2009 жылы аталмыш зауытта өндірілген аллюминий Лондондағы металдар биржасына тіркелді, осылайша Қазақстан электролиз зауытының өнімі халықаралық стандарттарға сай деп танылды. Қазіргі уақытта зауытта заман талаптарына сай экологиялық жағынан қауіпсіз және ең соңғы технологияларды пайдалану арқылы прогрессивті аллюминий өндіру технологиялары қолданылады. Жаңа зауыттың барлық технологиялық процестері автоматтандырылған басқару жүйесімен реттеледі. 1 жыл бұрын (2010 Минскіде БМУ Халықаралық зерттеулер орталығының директоры, беларусь саясаттанушысы Владимир Улаховичтің жалпы редакциясымен «ЕҚЫҰ-ның көкейкесті проблемалары. Қазақстан төрағалығының нұсқасы» кітабы жарық көрді. Беларусь сарапшылар қоғамдастығының арасында зор қызығушылық туғызған шараға БР Сыртқы істер министрлігі, талдаушы құрылымдар өкілдері, ғалымдар мен журналистер қатысты. Бұл кітап Беларусь, Қазақстан, Ресей, Польша, Германия, Украина және Эстония ғалымдарының ЕҚЫҰ проблемаларын зерделеу жөніндегі ынтымақтастығының белгілі бір қорытындысы іспетті және сарапшылар қоғамдастығының Қазақстанның осы Ұйымға ойдағыдай төрағалығын жүзеге асыруға өзіндік үлесі болды. Таныстырылымда сөз алған Қазақстанның Беларустағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Анатолий Смирнов БМУ Халықаралық зерттеулер орталығына кітапты бастырып шығарғаны үшін алғыс айтты. «ЕҚЫҰ төрағалығы жылында біз беларус әріптестеріміздің қолдауын ұдайы сезініп отырмыз», деді ол. Ол сондай-ақ екінші жартыжылдықта «төрағалық бұдан да қауырт жұмыстарға толы болады, Қазақстан ойға алған жоспарлары мен мақсаттарын қатаң сақтауда», деп мәлім етті. ЕСІМДЕР 75 жыл бұрын (1936-2006) мемлекет қайраткері ШТОПЕЛЬ Александр Андреевич дүниеге келді. Ресей Федерациясында туған. Қызылорда педагогикалық институтын бітірген. Еңбек жолын мектеп мұғалімдігінен бастап, директордың орынбасары, мектеп инспекторы қызметтерін атқарған. 1969-1982 жылдары - Саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, Ленгер аудандық партия комитетінің меңгерушісі, Шымкент облыстық комитеті партиясының нұсқаушысы. 1982-1988 жылдары - Жетісай партия аудандық комитетінің екінші хатшысы, аудандық атқару комитетінің төрағасы. 1988-1989 жылдары - Пахтаарал аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы. 1989-1991 жылдары - Қазақстан Коммунистік партиясы орталық комитеті идеология бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ұлтаралық қатынастар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, сектор меңгерушісі. 1991-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті және Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің референті, аға референті, аға сарапшысы, сектор меңгерушісі. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің ұлтаралық қарым қатынас жөніндегі кеңесшісі. 1996 жылдың қаңтарынан зейнеткерлікте болған. Медальмен, Қазақ КСР-і Жоғарғы кеңесі Құрмет грамотасымен марапатталған. 55 жыл бұрын (1956) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Миграция жөніндегі комитеті департаментінің директоры, саясаттану ғылымының кандидаты АЛТЫНБЕКОВА Гүлсара Асылбекқызы дүниеге келді. Өзбекстан Республикасында туған. Низами атындағы Ташкент педагогика институтын, Жоғары партия мектебін, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Дипломатиялық академиясын бітірген. Қазақстан Ленин коммунистік жастар одағы орталық комитетінің хатшысы, Қазақстан жастар одағы орталық комитетінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты қоғамдықсаяси бөлімінің консултанты болып жұмыс істеген. 1995-1997 жылдары - Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2000-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламенттегі өкілдігінің сектор меңгерушісі. 2007-2008 жылдары - «СК Базис-Гранд» ЖШС бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде 2008 жылдың қарашасынан бастап істейді. «Құрмет белгісі» орденімен, үш медальмен марапатталған. МАУСЫМНЫҢ 25-І, СЕНБІ Мозамбик Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1975). Мозамбик Африканың оңтүстік-шығысында орналасқан. Солтүстігінде Танзаниямен, батысында Малави, Замбия, Зимбабвемен, оңтүстігінде Свазиленд және Оңтүстік Африка Республикасымен, шығысында Үнді теңізімен шектесіп жатыр. Әкімшілік жағынан 11 провинцияға бөлінеді. Астанасы - Мапуту қаласы. Ресми тілі - португал тілі, сондай-ақ жергілікті халықтардың макуа, малави, тсонга, шона, суахили тілдері де кеңінен қолданылады. Ақша бірлігі - метикал. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғары заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Республика ассамблеясы. Жоғары атқарушы органы - Үкімет. Словения Республикасының Ұлттық мейрамы - Словен мемлекеттілігінің күні (1991). 16 жыл бұрын ел парламенті Скупщина Словения Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігін жариялайтын Декларация қабылдады. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 95 жыл бұрын (1916) орыс патшасының майдандағы қара жұмысқа Қазақ және Түркістан өлкелерінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43 жас аралығындағы ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы шықты. Бұл жарлық қазақ жеріндегі ұлт-азаттық көтерілістің тұтануына түрткі болды. Жалпы майдан тылындағы қара жұмысқа Қазақстан мен Орта Азиядан 400 мың адам шақырылған. Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу мен Торғайда болды. 77 жыл бұрын (1934) академик Ахмет Жұбановтың ұйымдастыруымен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды. Ахмет Жұбановтан кейін ұжымды қырық жылға жуық КСРО халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері, профессор Қажығалиев Шамғон Сағитдинұлы басқарды. Оркестр көптеген халықаралық, республикалық форумдарға, фестивальдерге, конкурстарға қатысқан. Оған 1967 жылы «Республиканың еңбек сіңірген ұжымы», 1978 жылы «академиялық» құрметті атақтары берілсе, 1984 жылы қарашаның 29-да ол «Халықтар достығы» орденімен марапатталған. Оркестр көптеген шет елдерде: Польша, Румыния, Венгрия, Германия, Франция, Швеция, Португалия, Дания, Үндістан, Қытайда өнер көрсеткен. 20 жыл бұрын (1991) Қазақ КСР-нің «Қазақ КСР Министрлер Кабинеті туралы» Заңы қабылданды. Заңға сәйкес Министрлер Кабинетінің мәртебесі, құрылуы мен құрамы, сондай-ақ негізгі міндеттері мен өкілеттілігі анықталды. 1995 жылы тамыздың 30-ында жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданып, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілді. 15 жыл бұрын (1996) Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университетіне жазушы Мұхтар Әуезов есімі берілді. 12 жыл бұрын (1999) Алматыдағы Ғалымдар үйінде 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясының алғашқы томының тұсаукесер рәсімі өтті. 12 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының тұңғыш директоры Ораз Жандосовтың 100 жылдық мерейтойына арналған көрме өтті. 6 жыл бұрын (2005) Фин шығанағы жағалауындағы Выборг портында қазақстандық «Алматы» екінші танкерін салтанатты қабылдап алу рәсімі өтті. «Алматы» танкерінің негізі 2004 жылы сәуірдің 28-де Выборг кеме жасау зауытында қаланған болатын. Кеменің құрылысы 13 айға созылды. 2005 жылы мамыр айының соңында кеме Балтық теңізінде сынақтан өтіп, тапсырыс беруші «Қазтеңізтасымалфлоты» Ұлттық компаниясына табыс етілді. Танкердің ұзындығы - 50 метр, ені - 17,3 метр, отыруы - 7 метр, борт биіктігі - 10,1 метр, жылдамдығы - 10 узел деп бекітілді. Кеме Құмкөл тобы, Теңіз және Бозашы кеніштерінің мұнайын тасу үшін Ақтау-Махачкала, Ақтау-Баку бағыттары бойынша пайдаланылатын болады. Айына орта есеппен 7-8 рейс жасайтын танкер жылына 1 миллион тоннадан астам мұнай тасымалдамақ. 2 жыл бұрын (2009) Алматы қалалық поштамттың филателистиялық салонында «Ғарыш және астрономия» топтамасының екi көркем пошталық маркаларының тұсау кесер рәсімі өттi. Жаңа маркаларда Мақсұтов телескобы және астрономиялық обсерватория бейнеленген. Әрбiр марканың тиражы - 50000 дана, қалпы - 37 х37 мм. Маркалар Пекин пошта және телекоммуникация министрлігінің пошталық төлем таңбалары фабрикасында басып шығарылған. Николай Соколов ресімдеген. Бұл Қазақстанның пошталық марка топтамасының 666-шы және 667-ші маркасы. 1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «2009 жылғы қарашаның 27-сіндегі Кеден одағының кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 1 жыл бұрын (2010) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Кеден одағының кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. ЕСІМДЕР 75 жыл бұрын (1936) медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері БЕЛОЗЕРОВ Евгений Степанович дүниеге келді. Ресейдің Свердлов облысында туған. Свердлов медицина институтын және аспирантурасын бітірген. 1966-1972 жылдары - Түмен медицина институты жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті. 1972-1983 жылдары - Семей медицина институты жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі, клиникалық және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры. 1983-1985 жылдары - Курск медицина институтының клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры. 1985-1987 жылдары - Семей медицина институтының ректоры. 1987-1995 жылдары Алматы мемлекеттік медицина институтының ректоры болған. 1995 жылдан - Санкт-Петербордағы әскери-медициналық академия профессоры. Негізгі ғылыми еңбектері гепатология мәселелеріне арналған. Ол вирустық гепатит пен өт жүрмеуден болатын гепатитті (бауыр қабынуын) емдеу тәсілдерін ұсынды. Жедел бруцеллездің созылмалы бруцеллезге айналу механизмін ашып, оны емдеу жобасын белгіледі. 254 ғылыми еңбектің, соның ішінде 18 монографияның, 3 оқу құралының және 9 әдістемелік нұсқаулықтардың авторы. 22 ғылым докторы және 88 ғылым кандидатын даярлаған. «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» белгісімен марапатталған. 50 жыл бұрын (1961) Шымкент қаласы әкімінің орынбасары БІЛІСБЕКОВ Ерғали Дәулетбекұлы дүниеге келді. Шымкент қаласында туған. Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, Ортылақы Азия университетін бітірген. Шымкент педагогикалық институты Комсомол комитетінің хатшысы, аға лаборанты. 1990-1991 жылдары - «Гелиоинвест» директорының орынбасары. 1991-1994 жылдары - «Ак ниет» брокерлік фирмасының директоры. 1994-2002 жылдары - «Азия-Экспорт» ЖШС директоры. 2002-2003 жылдары - «Береке» ЖШС директоры. 2003-2008 жылдары - «KazHiTechEuroBuilding» ЖШС-інің бас директоры. 2008 жылдың наурызынан бастап - қазіргі қызметінде. МАУСЫМНЫҢ 26-Ы, ЖЕКСЕНБІ Баспасөз, теледидар және радио күні - журналистика күні. 2004-інші жылдан бастап маусым айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Оған дейін аталмыш күн 1990 жылдардың басында қазақстандық парламент қабылдаған алғашқы БАҚ туралы заңның құрметіне орай маусымның 28-інде атап өтілетін. Мадагаскар Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Бұл ел Үнді мұхитындағы Мадагаскар мен оған жақын ұсақ аралдарда орналасқан. Әкімшілік жағынан 6 провинцияға бөлінеді. Астанасы - Антананариву қаласы. Ресми тілдері малагасий және француз тілдері. Ақша бірлігі - малагасий франкі. 1993 жылы қабылданған Конституциясы бойынша елді Президент басқарады. Заң шығарушы органы екі палаталы парламент - Ұлттық жиналыс пен Сенат. Қазақстан Республикасы мен Мадагаскар Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 10-да орнатылды. Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні. 1987-нші жылғы желтоқсанның 7-сінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 42/112 қарар қабылдап, онда нашақорлықтан ерікті халықаралық қоғам құру мақсатына жету жолындағы іс-қимыл мен ынтымақтастықты күшейтуге табандылығын айғақтау белгісі ретінде маусымның 26-сын Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні тұрғысында атап өтуге қаулы қабылдады. Бұл шешім 1987-нші жылғы Халықаралық есірткілік заттарды шектен тыс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес конференциясының ұсынысы негізінде қабылданды. Халықаралық азаптау құрбандарына қолдау көрсету күні. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 1997-нші жылғы желтоқсанның 12-сіндегі арнайы қарарымен (№52/149) жариялаған. Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес ұсынысы бойынша бекітілді. Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарында айтылғандай, бұл халықаралық күн 1984-інші жылы қабылданып, 1987-нші жылғы маусымның 26-сында күшіне енген «Азаптауға және адам абыройын кемсітетін өзге де қатігез, рақымсыз немесе солардың басқа да түрлері мен соған сәйкес жазалаулар конвенциясының» азаптауды толықтай жою және тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған күн. Оңтүстік Африканың бостандық үшін күрес күні. ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 19 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының Халықаралық қаржы қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына және Халықаралық даму ассоциациясына мүшелігі туралы заң қабылданды. 19 жыл бұрын (1992) «Қазақстан» газетінің ағылшын тіліндегі бірінші саны жарық көрді. Бас редакторы - Нұрмахан Оразбеков. 15 жыл бұрын (1996) Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының, Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты Әнуар Әлімжановтың Алматы қаласында тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. 15 жыл бұрын (1996) Тегранда Иран радиосының Қазақ редакциясы ресми түрде жұмыс істей бастады. 13 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік туралы» Заңға қол қойды. 5 жыл бұрын (2006) Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті германдық «Нибелунгтар туралы жыр» эпикалық туындысын қазақ тілінде басып шығарды. Кітап 2004 жылдан бері университет қолға алған «Дала даналары» жобасы аясында жарық көріп отыр. Университет ғалымдары есімдері дала халықтарының тарихында сақталған атақты көшпелілер туралы құжаттар мен аңыз-жырларды жинаумен айналысады. Ежелгі германдық «Нибелунгтар туралы жыр» аңызының кейіпкерлерінің бірі - ежелгі түркі мәдениетінің өкілі, ғұндардың көшбасшысы Аттила. Ғұн көшбасшысының өмірі мен қазасы туралы баян ететін бұл жырда ежелгі түркі тайпаларының әдет-ғұрыптары, діни рәсімдері, салт-дәстүрлері жарқын көрсетілген. Ортағасырлық эпосты неміс тілінен қазақ тіліне Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессоры Айжан Қалиева мен мәдениетаралық коммуникациялар ғылыми-тәжірибелік орталығының ғылыми қызметкері Хабдыхалел Мағзұмов аударып шықты. 2 жыл бұрын (2009) Талдықорғанда «Ардагер» клубының жаңа ғимаратының тұсау кесер рәсімі өтті. Клуб екі жыл бұрын Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері үшін құрылған. «Ардагер» өзінің бірінші күнгі қызметінен бастап жастарды әскери-патриоттық сезімге тәрбиелеу, әскери оқиғалар мерекелеріне, оқу орындарындағы кездесулерге арналған шараларды өткізеді. ЕСІМДЕР 105 жыл бұрын (1906-1980) химик-органик, химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ШОМБАЛОВ Тайыр Көкешұлы дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында туған. Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген. 1933-1934 жылдары - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының оқытушысы. 1934-1979 жылдары Қазақ мемлекеттік университеті органикалық химия кафедрасының доценті, меңгерушісі, табиғи қосылыстар химиясы кафедрасының меңгерушісі болған. Негізгі ғылыми еңбектері табиғи қосылыстар химиясына арналған. Ол органикалық химияда жаңа ғылыми бағыт - өсімдіктер химиясын қалыптастырған. Қазақстанның 300-ден астам өсімдігінің полифенолдық құрамын зерттеп, көптеген биологиялық активті заттар, жаңа емдік дәрілер алған және оларды медицинаға енгізген. Ғалымның 10 авторлық куәлігі бар. 105 жыл бұрын (1906-1983) геолог, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген геолог-барлаушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты БЕСПАЛОВ Вениамин Федорович дүниеге келді. Ресейдің Сызрань қаласында туған. Қазақ кен-металлургия институтын бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Қазақ мемлекеттік университетінің және Қазақ политехника институтының доценті, Қазақ КСР-і Ғылым академиясының Геология ғылымдары институты тектоника секторының меңгерушісі қызметін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері аймақтық геология мен тектоника мәселелеріне арналған. Қазақстанның көптеген тау-кен аймақтарының, көрші республикалардың геологиялық карталарының авторы және редакторы болған. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. 85 жыл бұрын (1926) Қазақстанның халық мұғалімі, КСРО-ның және Қазақстанның білім беру ісінің үздігі, Көкшетау қаласының құрметті азаматы БАЛАХМЕТОВ Қожахмет Балахметұлы дүниеге келді. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында туған. Семей педагогикалық институтын бітірген. 1960-1968 жылдары - Көкшетау облыстық партия комитеті мектеп бөлімінің меңгерушісі, қалалық партия комитетінің хатшысы, екінші хатшысы, облыстық партия комитеті үгіт және насихат бөлімінің меңгерушісі. 1968-1970 жылдары - Көкшетау облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі. 1970-1974 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК-інің ғылым және оқу орындары бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1974-1987 жылдары - Қазақ КСР-інің Білім министрі. 1988-1998 жылдары - Ленин атындағы Кеңестік балалар қоры Қазақ республикалық бөлімшесінің (1992 жылдан бастап Қазақстан балалар қоры) басқарма төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы. 1999-2000 жылдары - Халықаралық балалар қорлары қауымдастығының вице-президенті. 1998 жылдан бастап Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі болған. «Парасат», үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, Ы.Алтынсарин, Н.Крупская, К.Ушинский атындағы медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 80 жыл бұрын (1931) тоқыма суретшісі, Шоқан Уәлиханов атындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ЯРЕМА Ирина Зиновьевна дүниеге келді. Украинаның Львов облысында туған. Львов Мемлекеттік қолданбалы және декоративтік өнер институтын бітірген. Самарқанд жібек-мата фабрикасында, Алматы қаласындағы Қазақстан Жергілікті өнеркәсіп министрлігі жанындағы экспериментальды институтында еңбек еткен. Ол шығыс тақырыбына арналған «Ескі Самарқанд», «Әлішер Науаи», «Регистан» атты гобелендер топтамасының, Қазақстандағы жартастарға салынған суреттер желісі бойынша салынған «Алатау», «Ежелгі аңшылық», т.б. суреттердің, сондай-ақ табиғат көріністеріне, индустрияға арналған көптеген өнер туындыларының авторы. 75 жыл бұрын (1936-2007) ғалым, техника ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы Минералды ресурстар академиясының корреспондент мүшесі, Қарағанды қаласының құрметті азаматы, Қазақстан өнеркәсібіне еңбек сіңірген қызметкер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері МҰҚАНОВ Дымкеш дүниеге келді. Қарағанды облысы Тельман (қазіргі Бұқар жырау) ауданында туған. Ленинград (Санкт-Петербург) электротехника институтын бітірген. 1971-1980 жылдары - Бүкілодақтық автоматика ғылыми-зерттеу институтында директор, 1980-1992 жылдары «Черметавтоматика» ғылыми-өндірістік бірлестігінде бас директор, 1992-1999 жылдары «Казчерметавтоматика» АҚ-ының директоры, 1999 жылдан Қазақстан Республикасы Шикізатты кешенді өңдеу ұлттық орталығында директордың орынбасары қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері қара металлургия мәселелеріне арналған. 200-ден аса ғылыми еңбектің авторы. 40-қа жуық авторлық куәлік пен патенттің иегері. «Халықтар достығы» орденімен марапатталған. 65 жыл бұрын (1946) химия ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жоғары мектеп Ғылым Академиясының академигі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының және Қаныш Сәтбаев атындағы сыйлықтың лауреаты МАНСҰРОВ Зұлхайыр Аймұхаметұлы дүниеге келді. Алматы облысы Сарқанд қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1968-2001 жылдары осы университетте ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2001 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші проректоры болған. Сонымен қатар ҚазҰУ жанындағы докторлық диссертация қорғау диссертациялық кеңесінің төрағасы. Ғалымның 250 ғылыми еңбегі, оның ішінде 3 монографиясы, 3 оқу құралы және 20 авторлық куәлігі бар. 21 ғылым кандидатын және 3 докторын даярлаған. Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты көмірсутектер жануының кинетикасы мен механизмін, суық және күйе түзгіш жалындардың құрылымын, көмірсутектің түзілуі мен оның қолданбалы аспектілерін зерттеуге арналған. Ол табиғи минералды және өсімдік шикізаттарын ауыспалы металл қатысында көміртектендіру арқылы нано-өлшемді талшықты көміртегін алып, оның морфологиясы мен құрылымын терең зерттеді және оларды сорбент, катализатор түрінде қолдануды енгізді. Сонымен қатар мұнаймен ластанған топырақты термикалық әдіспен өңдеу үшін арнайы қондырғы құрастырды. Осы қондырғы арқылы мұнайды топырақтан бөліп алу және мұнаймен ластанған топырақты жол құрылысында суық асфальтты бетон дайындау үшін қолдану әдістерін ұсынды. «Eurasian Chemico-Technological Journal» және «Жану және Плазмохимия» журналдарының бас редакторы, «Жоғары білім берудегі ақпараттық технологиялар» журналы бас редакторының орынбасары, «Жарылыс және жану физикасы» (Ресей) журналы редакциялық кеңесінің мүшесі, «Қазақстан ғылымдарының жаңалықтары», «ҚазҰУ жаршысы» (химия сериясы), т.б. журналдар редакциялық алқасының мүшесі. «Құрмет» орденімен, РФ Жоғары мектеп ғылым академиясының медалімен марапатталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін